• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Т.Нұрымбетов : Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 2416 адам жолданды

12.07.2019
0
Т.Нұрымбетов : Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 2416  адам жолданды
503
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы қатысып, өңірде әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы   айтты.

Тимуржан Бидайбекұлының сөзінше «Еңбек» бағдарламасы  аясында 2019 жылға барлығы 11,1 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 6,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 млрд.теңге бөлінді. 2019 жылдың 1-шілдесіне  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16913 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына — 6297 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2416  адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1333 адам, жастар практикасына 1624 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3806 жұмыссыз тартылды, 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 193 адам шағын несие, (оның ішінде 23 адам қалаларда өткен жыл қаржысынан шағын несие алды), 36 адам грант алды.

Сондай-ақ 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 млн.теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды  кәсіптік даярлауға 1108,7 млн.теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен   770 адам оқуға жолданады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 546,8 млн.теңге қаралды.  Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша  орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО)  өтеді. 1-ші  шілдеге қысқа мерзімдік оқытуға 2416  адам жолданды.

«3484 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1301 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 1200 адам, грантқа – 983 адам) 6968,7 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 6147,6 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, грантқа – 485,5 млн.теңге). 

Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1208 адам оқуға жолданып, 853 адам оқуын аяқтап,  оның ішінде 57-і шағын несие алды. Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 6147,6 млн.тенгенің шағын несиесі 1301 адамға беріледі деп жоспарланды (ауылда – 1211 адамға 5111,0 млн.теңге, қалада – 90 адамға 1036,6 млн.теңге)» — деп хабарлады басқарма басшысы.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне ауылда  168 адам 1149,2 млн.теңгенің шағын несиесін алды.  Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 31,7 млн.теңге бөлінді.

 Сонымен қатар, қалада 90 адамға несие беруге барлығы 1036,6 млн.теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды. Қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды. Қала бойынша 25 адам шағын несие алды ( ағымдағы жылдың қаржысы есебінен 2 адам 19,0 млн. теңге, 23 адам өткен жылдың қаржының есебінен 449,7 млн. теңге) Қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды. Осы бағыт аясында 983 адам 485,5 млн.теңгенің грантын алады (соның ішінде 200 АЕК мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 млн.теңге және көп балалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 млн.теңге, 100 АЕК мөлшерінде 43 грантқа 10,9 млн.теңге). Бүгінгі күні грант алушылар тізімдері дайындалып, 2 адам 505,0 мың теңге грантын алды. Ал 200 АЕК грант есебінен  барлығы 17,2 млн. тенгені 34 адам алды.

 

 

 

Солтүстік өңірлерге  97 жамбылдық отбасы қоныс аударды

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы хабарлады.

Тимуржан Бидайбекұлының хабарлауынша, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 6647 адамды қамтуға  2520,0 млн. теңге бөлінді. Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 236,9  млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1333 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 146 адамның 75-і тұрақты жұмыспен қамтылды.   Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1489 орынға 675,5 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 1624  түлек жолданып, жұмысын аяқтаған 690 адамның 367-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1607,6 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 3806 адам   жолданды. Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.  

Бағдарламаның  бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

2019 жылдың 1 шілдесіне  солтүстік өңірлерге 97 отбасы, 294 адам қоныс аударды, оның ішінде:  

  1. Павлодар облысы- 12 отбасы, 29 адам, 
  2. ШҚО- 26 отбасы, 64 адам,  
  3. СҚО- 28 отбасы, 85 адам,
  4. Қостанай – 31 отбасы, 116 адам. 

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып,  жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 1-тоқсанында 4,9 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрады. 

 

 

 «Е-Халық» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстарға тиісінше мән берілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы хабарлады.

Жамбыл облысы бойынша жеке тұлғаның мемлекеттік деректер қорында 1,19 млн адам тіркеуде тұрғандар, соның ішінен 2019 жылдың              1 шілдесіне «Е-халық» ақпараттық жүйеге енгізілген 349 655 отбасының 1 195 178 адам, яғни 100 пайызды құрап, мерзімінде аяқталды.

 

Өңірдегі әлеуметтік көмек басты назарда

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы хабарлады.

Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 29650  отбасы (150453 адам) анықталды, оған барлығы 16,3 млрд. теңге қаралды  (республикалық бюджеттен  15,1 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен — 1,2 млрд.теңге).  Ағымдағы жылдың 5 шілдесіне  атаулы әлеуметтік көмекпен 32065 отбасындағы 162334 адам қамтылып оларға 7,4 млрд.теңге тағайындалған. 

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан (шартты ақшалай көмек) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына  тартылғандардың үлесі 16,3%-ды (136390 ден — 22203 адам) құрап отыр  (жылдық  жоспар 20,9%).

  

Ағымдағы жылы 545 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы хабарлады.

2019 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 45326 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар — 4164, 2-ші топтағылар — 18535, 3 топтағылар — 16342 адам, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 6285-і құрайды.

2019 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Әлеуметтік оңалту құралдарға мұқтаж 5655 мүгедекті тиісті бұйымдармен (сурдо-720, тифло-880, кресло-қорап-617, емдеу-сауықтыру-2138 және протез-ортопедия — 1300) қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Бұдан басқа Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 1229,2 млн.теңгеге 8317 мүгедек әлеуметтік көмекпен қамтылуда(гигиеналық құралдар, ымдау тілінің маманы мен жеке көмекшінің қызметі, арнаулы әлеуметтік қызмет). 5 медициналық-әлеуметтік мекемеде толық мемлекет қамқорлығындағы 1127 адам 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда. Ал, жартылай стационарлық жағдайда мүгедектерді және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталықтарында 217 адамға  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 

Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік жоба  арқылы ұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 282,8 млн.теңге бөлініп, 1323 мүгедектерге жартылай стационар мен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс көлемінде 2301 психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедекке арнайы инватакси қызметі көрсетілуде.

2019 жылы облыс көлемінде 115 инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарланып, осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 18,1 млн.теңге қаражат бөлініп отыр, бүгінгі күнге тиісті бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары дайындалып, соған сәйкес 2019 жылы 545 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

13.05.2025
Түркияда «Астана LRT» бұрынғы басшысы ұсталды — ҰҚК

Түркияда «Астана LRT» бұрынғы басшысы ұсталды — ҰҚК

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты