• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев – ең сенімді үміткер!

17.05.2019
0
Тоқаев: Балаларға білім беруде басты назарды қазақ тіліне беру керек
950
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Текті жерден шыққан адам өмір бойы өз бекзат болмысынан бір айнымайтыны рас. Қанмен келетін қасиет сол адамның өмір сүруі барысында байи түсетіні – тағы да басы ашық шындық. Бала кезінен өз-өзін тәрбиелей білген жанның текпен берілетін қасиетті қырлары барған сайын жаңаша реңкке ие болып, оның тұлғалық бітімі бұрынғыдан да жарқырай көрінетіні дау тудырмайды. Қазақтың «Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы келеді» деген киелі сөз тіркесі осындайдан қалған.

Дәл қазір біздің еліміз үшін ең жауапты кезең басталғаны бәрімізге белгілі. Бізге дұрыс таңдау жасау сәті тағы да туды. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау – әрбір сайлаушы үшін өте жауапты миссия. Өйткені, елдің жарқын болашағы біздің қандай үміткерді таңдап алатынымызға тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Біз өзіміз дауыс беретін үміткерді жүрек қалауымен және ішкі сезім түйсігімен дұрыс таңдай алғанда ғана еліміз үшін үлкен іс тындыра аламыз.

Біз неге сайлаушыларды Қасым-Жомарт Тоқаев үшін дауыс беруге шақырамыз? Ол үшін үміткердің сегіз қырына үңіліп көрейік.

1. Қасым-Жомарт Тоқаев – бүкіл әлем мойындаған сұңғыла саясаткер. Оны дүние жүзі мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері ғана емес, сол елдердің басшыларына дейін ерекше құрмет тұтады. Қазақстанның дипломатиялық қызметінің бастауында тұрған ол – біздің еліміздің сыртқы саясатының қалыптасуына тікелей қатысқан қайсар қайраткер. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында әлемнің әр мемлекетімен берік ынтымақтастық орнату жолында жанкештілікпен еңбек еткен ҚР Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі тарихта алтын әріптермен хатталып қалды. Ол әлемдік саясатта өз орнын ойып алған сақа саясаткер екенін осылайша дәлелдеді. Сондықтан да кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлығына, Женева бөлімшесінің Бас директорлығына тағайындалуы – кездойсоқтық емес, заңдылық.

2. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген ол ұланғайыр білім иесі екенінен де халық толық хабардар. Бірнеше тілді таза меңгерумен қатар көптеген елдердің салт-дәстүрі мен ділін де терең зерттей білуі оның дипломатиялық өнердің апогейіне көтерілуіне мүмкіндік берді. Дипломат, Премьер-министр, Сенат спикері болған жылдары ол Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейде көрсете білді. Сондықтан да енді Қазақстан Президенті лауазымында біздің елімізді мықты экономикасы бар әділеттілік орнаған әлемнің жетекші мемлекеттерінің қатарына көтеру үшін барлық күш-жігерін жұмсауына оның бойында барлық алғышарттар бар екеніне күмән келтіруге болмайды.

3. Оның байқампаздық және көрегендік қасиеттері де ерекше дамыған. Соның арқасында ол өз айналасындағы адамдарға нақты да дәл мінездеме бере алады. Оларды лайықты бағалай білетін қасиетке де ие. Адами психологияны жетік меңгерген ол әділеттілікке сүйене отырып кадр таңдау ісінде қателесуге бұған дейін ешқашан жол берген емес. Мұның өзі оның болашақта да алған бағытынан қайтпайтынын көрсетсе керек.

4. Эмоциясын қашанда құрықтай білетін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің барлық іс-қимылын жүйелі жүргізуге дағдыланғанын билік басындағылар өте жақсы бағалайды. Осының өзі барлық адамдарға сенім ұялатады. Қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жасампаз саясатты жүргізу барысында ол әркез принципті позиция ұстанатыны да – оның жағымды қасиеттерінің бірі. Алдыңғы қатарлы елдер дамуының бай тәжірибесін жан-жақты зерттеп, зерделеген Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар инвесторлар үшін қолайлы ахуал орнату жолында әркез дұрыс ұстанымды алға тарта біледі. Оның бұл қасиеттері біздің елімізді табысты басқару үшін алабөтен әлеует болып табылады.

5. Қасым-Жомарт Тоқаев – сыртқы саясат әлемінде толық мойындалған ғалым, эрудит, оннан астам іргелі еңбектің авторы. Оның жазған мақалалары мен кітаптары терең талдама бағасымен, парасатты пайымдауымен, сондай-ақ фактілер мен ақпараттардың дәлдігімен және шынайлығымен ерекшеленеді.

6. Салмақты және салиқалы шешімдер қабылдау жолында ол – кез келген проблеманы егжей-тегжейлі және жеріне жеткізе зерттей білетін зерделігімен де көзге түскен тұрлаулы тұлға. Қазақстан Республикасы Премьер-министр лауазымында ол дәл осы қасиеттерінің нәтижесінде тәуелсіздік жылдарындағы экономиканың өсу қарқыны бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе білді.

7. Қасым-Жомарт Тоқаев – майдангер зиялы жазушының ұлы. Оның әкесі өз елінің лайықты ұлының бойына жас кезінен қазақ халқының киелі қасиеттерін сіңіріп өсірді. Сондықтан болар, Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашанда ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды. Өз принципіне қашанда адал Қасым-Жомарт Тоқаев билік дәлізінде рушылдық пен тамыр-таныстыққа және мансапқұмарлық пен даңғойлыққа ешқашан жол берген жоқ.

8. Ол өзіне айтылған сынды да дұрыс қабылдай білетін ұстамды да салиқалы саясаткер екені көңілге қашанда жылылық ұялатады.

Сіз мықты экономикасы бар тұрақты және әділетті ҚАЗАҚСТАН үшін таңдау жасағыңыз келсе, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін дауыс беріңіз!

Дұрыс таңдау – елдікті жалғау!

Қасым-Жомарт Тоқаевтын сенімді өкілі,
Исламбек Дастан

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты