Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-қызметтік міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз ететін білікті және тиімді іс-қимылдарды меңгеру мақсатында өз қызметкерлері үшін апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды, сабақты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өткізді.
Сабақ шеңберінде полиция қызметкерлері алғашқы шұғыл көмек көрсетуге қажетті түрлі төтенше жағдайлар барысында арнайы құтқару құралдарын пайдалануды үйренді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Полиция департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін патрульдік автокөліктерді қажетті арнайы құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі