Үш күннен бері жұрттың жағасын ұстатып, Талас тұрғындарын үрейлендірген 8 жасар қыздың өліміне қатысты істің қалай өрбіп жатқанын өз көзіммен көру үшін мен де Қаратау қаласына келдім. Бірден Полиция бөліміне ат басын бұрып, сәті түскендей Жамбыл полициясының бастығы Арман Оразалиевті кездестірдік.
Бірден әңгімеге тартқан менің сұрақтарыма Арман Молдиярұлы асығып тұрса да жауап берді: «Бұл қылмысты біз бірнеше күннің ішінде ашамыз деп ойлаймын. Мұнда қазір арнайы топ күдіктіні анықтау үшін күндіз-түні жұмыс жасауда. Сондай-ақ, бізбен бірге бірінші күннен бастап облыс прокурорының орынбасары да осында жұмыс жасап жатыр. Бір жағынан бұл істің нәтижесі біздің, яғни жамбылдық полицейлердің кәсібилігіне сын болып тұр. Кішкентай баланы аяусыз өлтірген қылмыскерді құрықтамай қоймаймыз — деп айтқым келеді. Сонымен қатар, бұл оқиға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Асқар Мырзаxметовтің де қатаң бақылауында тұр — деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы А.Оразалиев.
TURANINFO.KZ