Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстандықтардың
әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты жолдауында басты міндет –
соттарға деген халықтың сенімін жоғары деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Яғни,
құқық үстемдігі – біздің реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы. Сот
жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастыру
тапсырылған.
Сондай-ақ, орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқаруға
тиіс. Бұрын адамдардың жеке өздерінің келуі талап етілсе, қазір оны алыстан жүзеге
асыруға болады. Сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз
етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасап, бизнес пен мемлекеттік
құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі
болжамды сот тәжірибесін жасап, судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою
тапсырылған болатын.
Қәзіргі таңда, ювеналдық сотта азаматтық, қылмыстық , әкімшілік істердің барлығы
аудио,-бейне құрылғысымен қаралып, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы бойынша
бірқатар жұмыстар жүргізіліп, бейне конференциялық байланыс құралын пайдалану
арқылы және «Smart Cot» бағдарламасы бойынша «Виртуалды сот» арқылы «WhatsApp»,
«Messenger» және т.б бейне байланыс бағдарламаларын қолдану бойынша сот
отырыстарына тараптар қатыстырылып жатыр.
Жамбыл облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
соты кеңсесінің бас маман- сот
отырысының хатшысы
Қ.Оразбек