Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин, «ForteBank» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Гүлзат Бекназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Бағдарламасы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Тараз қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы аталған бағдарламаға қазан айынан бастап қатысып жатырмыз. Сол 6 айдың ішінде банкке келіп кеңес алушылар саны – 218 адамды құраса, 21 кісі арызын откізген, солардың ішінде 2 өтініш беруші оң шешімін алды. Несиенің жыл мөлшерінің ұзақтығы, ай-сайынғы төлемнің төмен болуы, ол деген орташа айлық алатын тұтынушыларға қол жетімді бағдарлама болып табылатындығын көрсетеді. Бүгінгі күнге бағдарлама бойынша «Арай-2» шағын ауданында және 15-ші мөлтек ауданында (1,2,3,4) бөлмелі пәтерлер рәсімдеуге дайын. Сатылым бағасы шаршы метірі — 116.000 теңгені құрайды. Толық мәліметті Қойгелді көшесі, 173 ғимаратта орналасқан, 1 – ші
кабинеттен алуға болады»- деп баяндады Гүлзат Бекназарова.
Айта кетерлігі, 7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық Бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 2019 жылғы 28наурыздағыжағдай бойынша Жамбыл облысыныңсеріктес банктері 1,19 млрд. теңге сомасына 149 өтінім қабылдады. Олардың ішінде 611,4 млн. теңге шамасына75 өтінім мақұлданды және 536,5 млн. теңге сомасына 64 кредит берілді. Оның ішінде: 13 қарыз білім саласында жұмыс жасайтын, 3-әскери қызметкерге, 2-мемлекеттік орган қызметкеріне, 8-медицина қызметкеріне, 2-спортшыға, 1-ауыл шаруашылығы саласының қызметкеріне, 1-пошта қызметінің қызметкеріне, 7-екінші деңгейдегі банк қызметкеріне, 12-жеке ұйымдарда жұмыс жасайтын қызметкерге, 1-жеке кәсіпкерге, 13-құқық қорғау органының қызметкеріне және 1 қарыз Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне берілді деген ақпарат бар.