• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ОБЛЫСТА СОҢҒЫ 9 АЙДА 531 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

15.11.2018
0
ОБЛЫСТА СОҢҒЫ 9 АЙДА 531 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
140
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы Мақсат Әкімбаев, Кадр жұмысы бөлімінің бастығы Назира Турабекова және Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Алмаз Жұматаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Баланың отпен ойынынан орын алатын өрттер. «Жас құтқарушы» клубтарының жұмысы» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Спикерлер атап өткендей, жыл сайын облыс бойынша орта есеппен 700-ге жуық өрт тіркеледі, оның ішінде 100-ден астамы балалардың отпен ойнауынан болады (2015ж. – 102, 2016ж. – 141, 2017ж. – 130).
Яғни, 2015 жылы 735 өрт тіркелді. 2016 жылы өрт саны 4% кеміді және 708 өртті құрады. 2017 жылы олардың саны 9 % артып, 774 өрт оқиғасы орын алды.
Ағымдағы жылы 9 ай ішінде 531 өрт оқиғыс орын алды, яғни 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6 % азайды (2017 жылы 9 айда — 565).
Жыл сайынғы өрттен келген шығын мөлшері 100 млн. теңгеден асты (2015 ж. — 121 млн. 351 мың. тенге, 2016 ж. -111 млн. 307 мың тенге, 2017 ж. -111 млн. 247 мың. тенге және ағымдағы жылы 9 ай ішінде – 122 млн.494 мың тенге).
Соңғы 4 жыл ішінде өрт кезінде 51 адам қаза болды, оның ішінде 11 балалар (2015 ж. – 11 (1), 2016 г. – 18 (6), 2017 ж -11 (1) және ағымдағы жылы 9 айда – 11 (3)., сондай – ақ 59 адам әртүрлі дәрежеде күйік алды, оның ішінде 13 балалар (2015 ж. – 22 (5), 2016 ж. – 18 (4), 2017 ж. -14 (2), және ағымдағы жылы – 5 (1).
Қаза болғандардың 45% астамы алкоголді мастану кезінде болған. Әлеуметтік жағдайы бойынша қаза болғандардың басым бөлігі жұмыс істемейтін азаматтар (35% астам) және зейнеткерлер (шамамен 20%).
Өрт санының басым бөлігі тұрғандардың отты пайдаланудағы абайсыздығынан 847 жағдай (2015 ж.- 230, 2016 ж.-197, 2017 ж.-240 және 2018 ж.-180) немесе 2015- 2017 жылдары және ағамдағы жылғы 9 ай ішінде орын алған жалпы өрт санының 31% құрайды, электр қондырғыларын техникалық пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу 834 жағдай (2015 ж.- 222, 2016 ж.-226, 2017 ж.-227 және 2018 ж.-159) немесе 30 %, балалардың отпен ойнауы 432 жағдай (2015 ж.- 102, 2016 ж.-141, 2017 ж.-130, және 2018 ж.-59) немесе 16 %, қасақана өртеу 270 жағдай (2015 ж.- 59, 2016 ж.-74, 2017 ж.-84, және 2018 ж.-53) немесе 10%, жылыту пешін қолдану және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 201 жағдай (2015 ж.- 63, 2016 ж.-39, 2017 ж.-54, және 2018 ж.-45) немесе 7%, тұрмыстық газ қондырғыларын, электр аспаптарын және өндірістік жылту қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 67 жағдай (2%), найзағайдың түсуі, өздігінен жану 38 жағдай (1%) және басқа да себептер (пісіру кезінде ӨҚЕ бұзу, ұшқын өшіргіштің болмауы және т.б. 59 случаев (2%).
Өрттер құрылымында оның басым бөлігі тұрғын үй секторы үлесіне тиюде (2015 ж.- 440, 2016 ж. -452, 2017 ж.-540 және 2018 ж. -338 немесе жалпы өрт санының 60 % астамы) және автокөлік құралдарына (2015 ж. -140, 2016 ж. -151, 2017 ж.-146, 2018 ж.- 129 немесе 20 % астамы) үлесіне тиюде.

Үшінші орын сауда объектілеріндегі өрттер үлесіне тиюде (2015 ж. -43, 2016 ж. -24, 2017 ж.-26, 2018 ж.- 5 немесе 3 % астамы). Бұдан әрі ашық алаңдардағы өрттермен (жол жиектері, көшелер, иесіз ғимараттар және басқалар) (2015 ж. -36, 2016 ж. -24, 2017 ж.-23, 2018 ж.- 9 немесе 3 % астам), өндірістік саладағы ғимараттардағы өрттермен (2015 ж. -14, 2016 ж. -13, 2017 ж.-13, 2018 ж.- 3 немесе 2 % астам), әкімшілік –қоғамдық ғимараттардлағы өрттермен (2015 ж. -11, 2016 ж. -13, 2017 ж.-2, 2018 ж.- 1 немесе 1 % астам) жалғасуда.
Жалпы, жүргізілген профилактикалық және бақылау іс шаралары нәтижесінде 2015 жылдан бастап бақылаудағы объектілерде өрт саны орта есеппен алғанда 50 % төмендеді (2015 ж. – 96, 2016 ж. – 69, 2017 ж. – 52, 2018 ж.- 13), атап айтқанда ағымдағы жылы алдыңғы жылдармен салыстарғанда өндірістік объектілердегі өрт саны 4 есеге, сауда объектілерінде 5 есеге, қойма ғимараттарында 4 есеге, әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдени ағарту ұйымдарында 50 % кеміді. Соңғы 2 жыл ішінде емдеу сауықтыру ұйымдарында, мектепке дейінгі мекемелерде, ауыл шаруашылық объектілерінде және әлеуметтік қорғау объектілерінде өрт оқиғалары тіркелген жоқ.
Жыл сайын азаматтық қорғау органдарымен тұрғындардың «қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Яғни, соңғы 2 жыл ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт кезіндегі іс қимылдар бойынша 1,5 мыңнан астам нұсқаулық өткізіліп 40 мыңнан астам мұғалімдер мен оқушылар қамтылды. Балалардың қауіпсіздік салт дәстүрі интерактивті сабақ өткізу, түсіндірме роликтерін, мультфилмідерді көрсету және басқаларды жүргізу арқылы кіші жастан қалыптасады. Өрт сөндіруші кәсібін дәріптеу өрт сөндіру бөлімдерін және мұражайларды аралау арқылы насихатталады.
Ағымдағы жылы облыстағы білім беру мекемелерінде өртке қарсы 97 тақырыптық сабақтар 5263 оқушының қатысуымен өткізілді және интерактивті тақтаны қолдана отырып 3162 оқушыны қамтыған 73 ашық сабақ жүргізілді. Облыс аумағындағы 246 мектептің қосылуы арқылы 11198 оқушысының қатысуымен 15 интерактивті сабақ өткізілді. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, жоғарғы және орта білім беру ұйымдарында 128 өрт қауіпсіздігі (стендер) бұрыштары жаңартылды, балалардың қауіпсіздігі тақырыбына әлеуметтік бейнероликтерді көрсетулер өткізілді, сонымен қатар балалардың отпен ойынынан туындайтын өрттердің алдын алу тақырыбында әртүрлі деңгейдегі викториналар, байқаулар, жарыстар, сурет көрмелері өткізілді.
Өрт жағдайында іс-қимылды практикалық пысықтау үшін оқу орындарының ғимараттарынан қауіпсіз эвакуациялау бойынша оқытушылармен және оқушылармен бірге машықтандырулар жүргізілді. Облыстық білім басқармасымен бірлесіп Жас өрт сөндірушілер жасақтарының үгіт-насихат бригадаларын қайта құру бойынша жұмыс жандандырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудандарында 11 мектептің қатысуымен 209 оқушыны қамтыған үгіт-насихат топтарының 4 жарысы өткізілді.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ-мен бірлесе отырып облыс мектептерінен 1228 оқушысының өрт сөндіру бөлімшелеріне 31 экскурсия жасауы және өрт сөндіру бөлімдерінде 14 ашық есік күні ұйымдастырылды.
2017 жылы білім беру объектілерінде 12 өрт-тактикалық жаттығу, денсаулық сақтау объектілерінде — 8, сауда объектілерінде — 3 және басқа да адамдар жаппай жиналатын объектілерде -4 жаттығулар өткізілді, сондай-ақ адамдар жаппай жиналатын объектілерде 434 өрт –тактикалық оқулар жүргізілді. Аталған өрт-тактикалық жаттығулар мен оқуларда өрт кезіндегі іс қималдарды және көшіру жоспарын машықтау жөніндегі тәжірбиелік сабақтар өткізілді.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес 2018 жылғы 19 ақпан мен 19 наурыз және 15 қыркүйек 14 қазан аралығында тұрғын үй секторлары мен саяжай иіндерінде, автокөлік құралдарында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізді.
Облыс аумағында 98099 тұрғын үй араланып, 246943 тұрғындарға кеңестер берілді, 58851 адамның қамтылуымен 1282 жиын ұйымдастырылды, олар барысында тұрмыста, оның ішінде газ және электр аспаптарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы жадынамалар таратылды.
Мекен жайлық өртке қарсы нұсқаулық жүргізу мақсытында жергілікті полиция қызметімен бірлесіп әлеуметтік қатер тобындағы 21840 адамдардың мекен жайларына 1504 рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
«КазТрансГазАймак» АҚ ЖӨФ өкілдерімен бірлесіп улы газбен улану оқиғасыының ең көп орын алған тұрғын үй секторына 3 мынан астам адамды қамтумен 205 рейд жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігі тақырыбы бойынша бейнероликтер «Қазақстан-Тараз», «77 ТВ» телеарналарында, Тараз қаласындағы 2 LED-дисплейде, «ХҚКО» РММ филиалдырында, «Казпочта» АҚ филиалдарында жариялануда.
Өңірлік телекоммуникация орталығы базасында облыс аумағында өрттерді алдын алу бойынша облыстық баспа және телевизиялық каналдар өкілдерінің қатысуымен 7 брифинг өткізілді.
Өртке қарсы тақырыпқа 6 акция жүргізілді («Қауіпсіз көлік», «Көп қабаттағы ғимараттардағы қауіпсіздік», «От дос па, әлде дұшпан ба?», «Балаларды қараусыз қалдырмаңдар», «Табиғатты аялайық», «Табиғат өмір көзі»), және адамдар жаппай жиналатын объектілерде 3 – флешмоб өткізілді.
2018 жылда Ішкі істер министрлігімен – «Балалық шақты қорғауында» жылы деп жариялау шеңберінде, ТЖК «Дармен» науқан-эстафетасы бастамашылық етілді, оның мақсаты балаларды өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарына, өрт шыққан жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауға үйрету, жеке басының қауіпсіздігі және айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Науқанның символы — балалар құтқарушысы Дармен бейнесіндегі өрт сөндіргіш, ол бастапқы өрт сөндіру құралы ретінде адамдарға көмек көрсетуге келеді.
Бұл жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ-мен, жастар мен басқа да ұйымдармен балалар үшін қауіпсіз балалық шақты құруға шақыратын бірлескен жұмыс, түрлі акциялар және іс-шаралар өткізуді, сонымен қатар, қоғамда кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты заңға қайшы іс-қимылдарға жол бермеу қағидатын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық кампания жүргізуді көздейтін имидждік жоба.
Ағымдағы жылы шілде айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасымен бірлесіп, келесі оқу жылына «Жас құтқарушы» үйірмелерінің (клубтарының) жұмысы бойынша аумақтық және бірлескен жоспары жасалып, бекітілді.
Жамбыл облысында облыстық Білім беру басқармасы (бұдан әрі -Жүргізу орталығы) және аудандық білім беру бөлімдерінің мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шаралар өткізілетін орталық базасында 28 «Жас құтқарушы» клубтары (үйірмелері) құрылып, жұмыс істеп жатыр. Оқушыларға теориялық және практи

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

12.05.2025
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты