• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ» дейді ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспенов

09.07.2018
0
«ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ» дейді ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспенов
684
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Кеше Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың төрағалығымен алқа мәжілісі өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары мен ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысқан жиында алдымен ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспенов баяндама жасап, егін орағы және мал азығын дайындау жұмыстарының жай-жапсарын сөз етті. Оның айтуынша, қазіргі таңда «Луговой жылқы зауыты» ЖШС мен «Ақбұлақ», «Құлбарақ», «Нұрдәулет» шаруа қожалықтары егін орағы жұмыстарын бастапты. Қалған шаруа қожалықтары да қажетті техникаларын жөндеп, сақадай сай отыр. Бүгін-ертең олар да егін орағы науқанына бел шеше кірісетін болады. Оған 194 комбайн, 80 трак
тор, 169 автокөлік қатысады. Жалпы, аудандағы егін шаруашылығымен айналысатын 393 шаруа қожалықта 620 адам тұрақты жұмыс істесе, қазіргідей маусымдық жұмыстар кезінде қосымша 550 адам жұмысқа тартылады екен.
– Зертхана мен шаруашылық мамандарының болжамынша күздік бидайдың әр гектарынан 24-26 центнерден, арпаның әр гектарынан 19-20 центнерден өнім алынады деп күтілуде. Болжам толық орындалса, қамбаға 192 мың тонна астық бастырылады, -дейді сала басшысы өз есебінде. Мамандардың бұлайша нық сеніммен сөйлеуінің де өзіндік мәні бар болып шықты. Өйткені, аудан
шаруашылықтары өнімділік деңгейін арттыру мақсатында техника паркін жаңалап келеді. – Биылғы жылдың өзінде 641,7 млн. теңгеге 10 шаруа қожалық 38 дана ауылшаруашылығы техникаларын алса, оның 8 данасы «Шәушен», «Еркін таң», «Қайқы» шаруа қожалықтарына тиесілі астық комбайндары. Жақын күндері «Шалқар» шаруа қожалығы да 8 дана комбайн алады. Келісім-шарты жасалып, қаражаты төленді, -деген Еспеновтың есебінен мал азығына қатысты да атқарылған жұмыстардан хабар алдық.
Ағымдағы жылы аудандағы 38500 гектар шабындықтар мен 6400 гектар көпжылдық
жоңышқа алқаптарынан 179500 тонна шөп, 12500 тонна сабан, 6000 тонна сүрлем, 6000 тонна пішендеме және 60000 тонна жем дайындауды жоспарлаған ауылшаруашылығы мамандары қазірдің өзінде 130200 тонна шөп дайындаған. Бұл жұмыстарды атқаруға 18 шөп ору агрегаты, 31 шөп тайлағыш, 33 шалғы, 7 шөп оратын комбайн, 68 трактор тіркемесімен жұмылдырылып келеді.
Алқа мәжілісінде бұдан өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Тегтер: АқбұлақЛуговой ауылыТ.Рысқұлов ауданышаруа қожалығы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты