• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 06:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

Astana AI Film Festival фестивалін өткізу Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысушы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Turan Redaktor Turan Redaktor
07.08.2026, 18:11
Қазақстан жаңалықтары
90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Жасанды интеллект технологияларының көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестиваліне дайындық барысы «Astana AI Film Festival» қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысында талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Astana AI Film Festival фестивалін өткізу Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысушы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

AAIFF Қамқоршылық кеңесінің отырысына Қамқоршылық кеңес мүшелері Қуанышбек Есекеев пен Раушан Қажыбаева, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, UNI-Q Group медиахолдингінің төрағасы Мұхамедқали Тауан, сондай-ақ фестивальді ұйымдастырушылар Алмас Жәлі мен Айзатулла Хуссейн қатысты.

Отырыс барысында байқау бағдарламасы, Astana Digital Bridge аясында фестивальді ұйымдастыру және қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға дайындық мәселелері қаралды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ең көп өтінім АҚШ-тан түскен – 17 пайыз. Үндістаннан – 10 пайыз, Қазақстаннан – 8 пайыз өтінім жолданған. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея мен Қытай – 5 пайыздан, Ұлыбритания – 4 пайыз, Ресей мен Гонконг – 3 пайыздан.

Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одрэ Азуле, China Film Group өкілі Ма Пин және Бейжің киноакадемиясының өкілі Ван Хао енді. Astana AI Film Festival фестивалінің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.

Отырыста атап өтілгендей, Бейжің қаласында өткен ЖИ-кино саласындағы Қазақстан-Қытай инновациялық алмасу форумының қорытындысы бойынша Astana AI Film Festival қоры мен Beijing Zhongguancun Tongli Technology Service Co., Ltd. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қытайлық компания фестивальдің Қытай Халық Республикасындағы ресми өкілі атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өтінімдер географиясының кеңдігі кәсіби қауымдастықтың кинематографиядағы жаңа бағытқа деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Жасанды интеллект фильм түсіру тәсілдерін ғана емес, тұтас кино өндірісінің моделін де өзгертуде.

Astana AI Film Festival 2026 жылғы 1–3 қазан аралығында Астана қаласында Astana AI Week аясында өтеді. Бағдарламада жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын ЖИ-фильмдердің халықаралық байқауы, конференция, жобалар питчингі, ашық кино көрсетілімдері, сондай-ақ жасанды интеллект, кино және цифрлық шығармашылық саласындағы жетекші әлемдік сарапшылармен кездесулер қарастырылған.

Негізгі киноконкурстың тақырыбы – «The future worth living in» («Өмір сүруге лайық болашақ»). Сонымен қатар бес номинациядан тұратын ашық секция ұйымдастырылады. Өтінім қабылдау 2026 жылғы тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Фестивальдің ресми бағдарламасына енген фильмдер алғаш рет Астанадағы Chaplin кинотеатрында үлкен экраннан көрсетіледі. Іскерлік бағдарлама Digital Bridge форумы аясында өтіп, халықаралық спикерлердің қатысуымен пленарлық және панельдік сессияларды, воркшоптар мен шеберлік сабақтарын қамтиды.

Тегтер: Astana AI Film FestivalАйзатулла ХуссейнАлмас ЖәліАстанажасанды интеллект
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.