• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 18:51
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

15 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ 6 АЙҒА ТОҚТАТЫЛДЫ

turan_admin turan_admin
22.10.2018, 18:40
Облыс жаңалықтары
15 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ 6 АЙҒА ТОҚТАТЫЛДЫ
234
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстың білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Дәмеш Шайхықызы білім беру саласындағы заңнама талаптарының орындалуы жөнінде баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Негізгі функцияларына:

  1. Профилактикалық бақылау (бару арқылы және бармай);
  2. Жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
  3. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;
  4. Білім туралы құжаттарға апостиль қою жатады.

Жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының саны – 63.

(42 ішінара, 21 жоспардан тыс тексерулер).

  1. Ішінара тексерулер

42 білім беру ұйымында ішінара тексерулер жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамалар берілді.

47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 1230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды (2 958 150 теңге).

15 білім беру ұйымының лицензиясының қолданысы 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылды.

Негізгі бұзушылықтар:

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 Қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары»;

— «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы;

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»;

— Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» талаптарын бұзу.

  1. Жоспардан тыс тексерулер

Нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша 13 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бұзушылықтарды толығымен жоймауына байланысты 6 білім беру ұйымына қатысты материалдар сотқа жолданды. Соттармен 4 білім беру ұйымына 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды.

(№14 Талас колледжі, Талас ауданындағы Жаңатұрмыс негізгі мектебі, Мойынқұм ауданындағы Ақбақай, Қ.Сәтбаев).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша 8 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 2 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Негізгі бұзушылықтар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» талаптарын бұзу.

  1. Прокуратура ұсынуларын қарау

Прокуратура ұсынуларына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарламаны жолдамағанына байланысты 6 жекеменшік балабақшаның лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдары сотқа жолданды.

Колледждерге қатысты 14 әкімшілік іс қозғалып, 385 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды (925 925 теңге).

  1. Білім беру қызметін лицензиялау

«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы — 387 өтініш түскен (21 лицензия алуға (16 ТжКБ, 5 мектеп), 177 лицензияға қосымша алуға (167 ТжКБ, 5 мектеп), 189 қайта рәсімдеуге (6 ТжКБ, 183 мектеп).

Қарау нәтижесінде 1 өтініш бойынша бастауыш мектепке бас лицензия берілді, 42 өтініш бойынша лицензияға қосымша берілді,          153 өтініш бойынша лицензия және лицензияға қосымшалар қайта рәсімделді.

191-не (49,4%) бас тартылған (20 лицензия алу, 135 лицензияға қосымша алу, 36 қайта рәсімдеу).

Бас тарту себептері: «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған құжаттардың «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес толық болмауы және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» талаптарына сәйкес келмеуі.

  1. Білім туралы құжаттарды апостильдеу

Білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша — 188 құжат түсті. Оның ішінде:

— Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы барлығы – 178;

— Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен – 2;

— «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 3.

Оның 178-і рәсімделді, 3 құжат қаралуда, 2 құжат кері қайтарылды (1.жалған құжат болуына байланысты Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне жолданды,2.Қырғызстан Республикасы жоғары оқу орнын бітірген), «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы түскен 3 құжат дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылды. (Диплом номерін және  алған жылын дұрыс толтырмаған).

 

  1. Қамқоршылық кеңестердің жұмысына қатысу

2018 жылдың 01 қазанға Жамбыл облысы бойынша 446 мектеп болса, онын 444-де (99,8%) қамқоршылық кеңестер құрылған.                         

Департамент өкілдері білім беру ұйымдарына директорларды тағайындау барысында өткізілетін 2 қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына, мектеп басшыларының қамқоршылық кеңестерге есеп беру 4 отырыстарына қатысты.

  1. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің   2018 жылғы 16 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан ата-аналар қауымдастығының чатына 1073 ата-ана қосылды.

Департаменттің Facebook, Telegram парақшаларына және ватсап желісінде білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы ақпараттар тұрақты жариялануда және білім беру ұйымдарын тексеру кезінде де ақпараттық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Облыстық газеттерге 58 мақала жарияланып, Facebook, Telegram парақшаларына және ватсап желісіне 235 жаналықтар жарияланған», — деп Д.Үскімбаева сөзін қорытындылады.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.