Жамбыл облысының аумағында тқрмыстық өрттер тиылмай тұрғандығы жасырын емес. мысалға 26-27 қазандағы екі тәулік ішінде Жуалы ауданында жалпы ауданы 240 шаршы метрді құрайтын шаруашылық нысанардағы өрттер тіркелді.
2020 жылдың 26 қазанында 11 сағат 50 минутта 101 телефон нөміріне Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Б.Сафинов көшесі №30 тұрғынүйде өрт оқиғасы орны алғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №7 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дархан Қанзат бастаған барлығы 7 адамнан құралған өрт сөндірушілер 2 өрт сөндіру автокөлігімен шұғыл жетіп, жүргізілген барлау нәтижесінде тұрғыгүйдің ауласында орналасқан сарайдың өртке оранғандығын анықтайды.
Жігіттер белсенді түрде өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі. Көп ұзамай оқиға орнына аталған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Кеңесбек Айбдраимов жетіп, өрт сөндіру жұмыстарын басқаруды өз қолына алады. Көзді ашытатын қою түтін мен ыстығы бет шарпитын жалынға қарамастан жігіттер тілсіз жауды небәрі 9 минутта ауыздықтап, 12 сағат 9 минутта өрт жойылған. От жауынгерлерінің шеберлігі мен шапшаң әрекетінің арқасында сарай жанында орналасқан шөпхана мен тұрғынүй өрттен аман қалады. Өрт ауданы 140 шаршы метр құрады. Зардап шеккендер жоқ. Есесіне
үй қожайыны өрт сөндірушілердің кәсіби шеберліктеріне риза болып, жалпы азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Сондай-ақ 27.10.2020 ж. сағат 05:50-де Жуалы ауданы, Көлтоған ауылы, Қонаев көшесі № 42 жеке тұрғын үйдің ауласында сарайдың өртенуі болды. Өрт ауданы 80 ш.м. құраған. Өкінішке орай өрт салдарынан 0.5 т арпа және 1 жылқы өртеніп кетті. Өрт сағат 6:48-де оқшауланып, сағат 07:09-да ) Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің күшімен толық сөндірілді.
Осыған орай Жамбыл облысы ТЖД жалпы қарапайым тұрмыста өрт және адам өлімін болдырмау үшін өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау жеткілікті екендігін ескертеді.
— балалардың отпен ойнауына жол бермей, сіріңкенің қауіпті екендігін түсіндіру қажет?
— сөнбеген темекі тұқылын жерге тастамау қажет;
— зақымдалған электр құралдарды қолданбаңыз;
— оқшаулануы бұзылған электрсымдарды қолданбаңыз;
— балаларға сіріңке бермеңіз, оларға отпен ойнау қаупін түсіндіріңіз, балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;
— үйден (пәтерден) шыққанда электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, тұрмыстық электр құралдарын және жарықты сөндіруді ұмытпаңыз;
— бір розеткаға екіден артық электр құралын қоспаңы!






