• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖУАЛЫ МЕН МЕРКІ АУДАН ӘКІМДЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕС

Сапарбаев мектептердің жөндеу жұмыстарын кешіктірген әкімдерді жазалады

turan_admin turan_admin
03.09.2020, 12:09
Облыс жаңалықтары
ЖУАЛЫ МЕН МЕРКІ АУДАН ӘКІМДЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕС
1.8k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Жамбыл облысында ауқымды жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 95 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда, 285 білім беру мекемелері жылы дәретханалармен жабдықталуда.
Кесте бойынша көптеген нысандар жаңа оқу жылының басында тапсырылуы тиіс еді, бірақ жұмысы сылбыр мердігерлер құрылыс мерзімін кешіктіруде.
Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында оқу жылының басталуына дайын болмаған мектептердің жай-күйі сараланды.
Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, бүгінгі таңда 19 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде десек, 42 мектепте жылы дәретханалар орнату жұмыстары аяқталмаған. Құрылысшылар барлық жұмыстарды ағымдағы айдың соңына дейін аяқтауға уәде беріп отыр.
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, әкімдер мен директорлар қашықтықтан оқытуды сылтауратып, бұл жұмыстарды қадағалаусыз қалдырған.
Ешкім тығырықтан шығар жол іздемейді. Барлығы қашықтықтан оқытуға жіберуге ұмтылады. Әлі күнге қанша мектептің дәстүрлі оқыту түріне қайта көшуге мүмкіндігі бар екендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Бізде ондай мектеп аз емес. Айталық, екі мыңнан астам бала оқитын Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясында кезекші топтарда бар-жоғы 60 бала оқиды, — деді облыс әкімі.
Аудан әкімдері немқұрайлы мердігерлерге сілтеме жасап, өздері ақталуға тырысып бақты.
— Бір компания бірден 22 нысанда жұмыс істейді. Құрылысшылар аз, сондықтан уақыт тапшы. Біз жұмысшыларды іздеуге көмектестік, бірақ кестеден әлі де артта қалып келеміз, — деп жауап берді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков.
Жұмыс барысын басынан бастап қадағалау керек еді. Мұны кеш түсініп, енді кінәлілерді іздей бастадыңыздар. Судан құрғақ шыққыларыңыз келеді, — деді Бердібек Сапарбаев.
Дәл осындай ескертулер Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбековке де айтылды. Аудандағы 21 мектепте жылы дәретханамен жабдықтау мәселелері шешілмеген. Ал дәстүрлі түрде оқитын оқушылардың үлесі тек жеті пайызды құрайды. Мұнда да мердігерлер бірден бірнеше жобаны игере алмауда.

Меркі ауданындағы №44 мектепте жұмыс 57 пайызға ғана орындалған. Кейбір мектептердегі жағдай одан да төмен. №11 мектепте атқарылған жұмыс көлемі 60 пайызды құрайды. Шу ауданындағы бір мектептің жөндеу жұмыстары тек 44 пайызға ғана аяқталған. Сіздердің ойларыңызша, бұл қаншалықты дұрыс? — деп ашуланды облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол Қордай ауданы мен Тараз қаласындағы жағдайлар бойынша наразылығын білдірді.
Бұған дейін Бердібек Сапарбаев әкімдерге және салалық ведомстволардың басшыларына, егер тапсырмалар сапалы және мерзімінде орындалмаса, олардың жеке жауапкершіліктері қаралатындығы туралы бірнеше рет ескерткен болатын.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы бірқатар әкімдер мен білім басқармасы басшысының жазаланатынын мәлімдеді.

Сонымен, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Жуалы және Меркі аудандарының әкімдері Нарбай Ергебеков пен Мейірхан Өмірбековке қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов пен білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергеноваға сөгіс жарияланды.
Ал, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пен Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулетке ескертулер жарияланды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: ЖУАЛЫмеркемеркіСапарбаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.