2022 жылы мерзіммен бекітілген нысандар неліктен берілмегендігі туралы Жуалы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Саурбаев жауап берді.
2022 жылы басталған нысан тұрып қалу себебі, бұл обьектіде «Ерк Астана» ЖШС деген мердігер бастаған. Құрылыс жұмыстары кезінде мердігерлер фундаментін қалау кезінде көп қателіктер жіберіп ол бойынша ГАСК мекемесіне тиісті хатпен жолдап, ескерту берілді. Барлық жасалған фундамент жұмыстарын алып, орнына қайта проекті бойынша қайтадан жұмыстарын бастады.
Екінші нысан Бауыржан Момышұлы ауылындағы спорт кешен құрылысы жартысына келіп тоқтап қалды. Құрылыс материалдарының көбі алынған. Бірақ жұмыстары тоқтап тұр. Тапсырыс беруші сотқа берді. Апелляциялық сот шешімі шықпады. Бірақ жұмысты жалғастыруға келісімшарт жасалып қойылды. Екі нысанды да конкурссыз бір көзден «Bek stroy 2010» ЖШС берілді.