Әкімшілік процесс бойынша пікір білдірмегені үшін Жуалы ауданының әкімі әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева.
«Жуалы ауданы әкімі Олжас Қаржауов Әкімшілік рәсімдік процесс кодексі бойынша пікір білдірмегені үшін жауапқа тартылып, 10 АЕК айыппұл төледі. Алты ай ішінде 130 әкімшілік іс қаралып, оның ішнде 63% азаматтар мен заңды тұлғалардың есесіне шешім шығарылған» деп пікір білдірді Динара Нұрлыбаева.
2021 жылдың 12 айында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 22 тұлғаға қатысты 15 үкімнің күшін жойып, 128 адамға қатысты 82 үкімнің күшін жоғалтып, рақымшылық жасау бойынша 1 адамға қатысты 1 үкім өзгертілді.
2020 жылы 4 тұлғаға қатысты 4 үкімнің күші жойылды, 70 тұлғаға қатысты 48 үкім өзгертілді.