• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.08.2026, 03:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жолдау кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдігімен құнды»

turan_admin turan_admin
03.09.2019, 12:15
Облыс жаңалықтары
«Жолдау кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдігімен құнды»
211
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. 

Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», — деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз, Қасым-Жомарт Кемелұлы 5 пайыздық міндетті зейнетақылық жарнаның енгізілу мерзімін шегеруді тапсырды.

Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін келесі үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке  заңды негіз құруды тапсыруы. Жамбыл облысының бизнес өкілдері соңғы кездері көрші Өзбекстан еліндегі шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді қызыға айтып, осы мәселені Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелері де көтеріп жүрген болатын.  Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауда Үкіметке берген тапсырмасын кәсіпкерлер қуана қабылдады. Нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, өз елімізде өндірілетін өнімдер сапының артары сөзсіз.

Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын. 

Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлерге осындай көрсетілмек жеңілдіктерімен құнды. 

Олжас Қаржауов,
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49
Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

07.08.2026, 17:22
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

07.08.2026, 18:11

Жамбылдық жас айтыскерлер мен жыршылар Алина Айдаралымен жүздесті

07.08.2026, 17:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.