• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жол салу ма, әлде қаржыға қол салу ма

turan_admin turan_admin
08.10.2020, 16:47
Облыс жаңалықтары
Жол салу ма, әлде қаржыға қол салу ма
497
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ел аумағындағы автожолдар сапасының жай-күйі – өзекті мәселелердің бірі. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылдан бастап елімізде «Нұрлы жол» ауқымды мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама аясында өңіріміздегі облыстық маңызы бар және қала ішіндегі жолдардың жағдайы түзеліп келеді.

Бүгінде облыс бойынша елді мекен көшелерінің желісін қосқанда 9989 шақырым жол бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 1152 шақырымды құрайды. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс аумағында 23 жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 3,7 миллиард, ал жергілікті бюджеттен 4,6 миллиард теңге қаржы қарастырылған.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы жаңа құрылған жол активтерінің сапа орталығымен тұрақты тексеріледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 163,9 миллион теңге бөлінген. Бүгінде нысандарға шығу кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселен 2020 жылы аталған кәсіпорынмен 156 нүктеге зерделеу жүргізіліп, 456 сынама алынды. Нәтижесінде 26 ескерту беріліп, кемшіліктер жойылып келеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің жол-жөндеу нысандарын аралау кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес нысандардың басына барып, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру іс-шаралары тұрақты ұйымдастырылады. Аталған департамент жанынан құрылған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы жол сапасына үнемі жіті бақылау жүргізіп тұрады. Жыл басынан бері 50-ден аса қоғамдық мониторинг жүргізіп, оның негізінде жол сапасының бұзылуына қатысты 61 кемшілік анықталып, оның барлығы қалыпқа келтірілді. Мәселен Тараз қаласы, Рысқұлов көшесінде автомобиль жолын салу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Жұмыс жүргізу барысында техникалық бақылаушы болмаған, асфальттың температурасы өлшенбеген, жолдың негізгі қабаты мен асфальт арасында битум құйылмаған, құрылыс алаңы қоршалмаған. Мердігер компания өкілдері сол жерге шақырылып, төселген асфальт қайтадан алынған болатын. Сол сияқты Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылының ішіндегі Мүсәт Жүнісов көшесінің сапасын зерделеу барысында 1 шақырым көшеге 16 миллион теңге қаражатқа қалыңдығы 4 сантиметр жаңа тас жолы салынудың орнына 2,4 сантиметр етіп салған. Бұл мәселе бойынша құзырлы мамандар зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Ал қала тұрғындарымен жол жабындыларының бұзылуына жол бермеу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 19 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 300 мың теңгеден аса айыппұл салынған. Ауыр жүк тасымалдаушы көліктердің жолда жүру заңдылығына да рейдтік-профилактикалық жұмыстар тұрақты өткізіліп тұрады. Одан бөлек ауыр жүк тасымалдаушы көліктердің де жолдағы қозғалысы аталған жобаны жүзеге асырушылардың жіті бақылауында. Жол саласындағы уәкілетті органдармен жоба қызметкерлері бірігіп, ауыр жүк тасымалдаушы көліктеріне күнделікті рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар ғана бақылауда емес, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандағы тас жолдарға шығу жұмыстары ұйымдастырылған. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органмен тасымалдаушыларға 56 хаттама толтырылып, 10,5 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бұндай тәжірибе елді мекендегі тұрғындардың мемлекеттік мүлікке деген көзқарасын өзгертуге оң септігін тигізіп келеді.
Мұнымен қоса іске асырылып жатқан жол-құрылыс жобаларын барлық аудандарда «Nur Otan» партиясының мүшелері, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мамандары және аудандық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшілері өкілдерінен құрылған қоғамдық бақылау топтарының мүшелері де тұрақты зерделейді.

 

Арайлы СЕРІКҚЫЗЫ,
журналист

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.