Шу ауданы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 840,72 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық дәрежедегі 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым, облыстық дәрежедегі 3 жолдың ұзындығы 108 шақырым және аудандық дәрежедегі 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырым.Сондай-ақ ішкі көше жолдары 543 шақырым. Аудан аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы жолдардан бөлек, аудандық маңызы бар 17 автомобиль жолы бар. Бұдан бөлек 543 шақырым елді мекен көшелерінің 189 шақырымы асфальт болса, 93 шақырымына қиыршық тас төселген. Ал, 260 шақырымы жай топырақ.
Биылауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»бағдарламасы аясында бөлінген 2 млрд 482 млн теңгеге 128 жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты.Соған сәйке 25 ауылдың 121 шақырым көше жолы жөнделуде. Белгілі болғандай, бүгінге дейін ауданда 93 жоба толығымен аяқталып, жұмыстар 72,7 пайызға орындалған.Бұған дейін жыл басында ауданда 128 жобаны жүзеге асыратын алты компания анықталып, техникалық қадағалаушы ретінде «Абылайхан. А.А.» ЖШС бекітілген-ді.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша биыл 4 жоба бойынша аумағы 8,25 шақырымды құрайтын 13 көшені жөндеуге республикалық және облыстық бюджетерінен 267,723 млн теңге қаржы бөлінген. Сәйкесінше бұл жұмыстарды «РЗДИ-Құрылыс» және «Шу-автодор» серіктестіктері қолға алған. Жалпы, жол жөндеумен айналысатын компаниялардың жұмысты жүйелі атқаруы ең басты орында тұрған мәселе. Себебі, жұмысына атүсті қарайтын серіктестіктер де бар. Бір қарағанда тегіс, әрі көз тартатын жолдар да бірер жылда бастапқы қалпына түспесіне кім кепіл? Сол үшін де жол барлық тиісті стандарттарға сай болуы қажет. Бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін, бірақ, қазірде жол жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалаумен және қажетті материалдардың сапасын зертханадан өткізетін кәсіпорындар бар. Шу ауданында бұл жұмыстармен «Ұлттық жол активтері орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны айналысады. Биыл аталмыш кәсіпорынмен 2 млн 500 мың теңгеге келісім-шарт жасалыпты. Нәтижесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аудан бойынша жөндеуден өтіп жатқан автомобиль жодарының 63 сынамасы алынып, сараптама қорытындылары да әзірленген.
Бүгінде Республикалық маңызы бар жолдар жайлы айтсақ, «Мерке-Шу-Бурылбайтал» бағыты еске түседі. Жалпы 7-273 км аралығын реконструкциялау жобасы 2019-2022 жылдарға жоспарланған. Оған 9 млрд 062 млн 418 мың теңге қарастырылған. Енді осы қаржыға 266 шақырым жол жөнделеді. Жұмыстарды қытайлық Синь-Синь фирмасы атқаруда.
Ауданда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Балуан Шолақ-Жиделі бағытында 17,3 шақырым автомобиль жолына қиыршық тас төсеу жұмыстары жалғасуда. Жоба былтыр 596 398 780 теңгеге бағаланып, «Рауан» ЖШС жұмыстарды атқарып жатыр.
2020 жылы 458022015-432 ерекшелігі бойынша «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен көлік инфрақұрылымын дамыту жол құрылысы» бағдарламасына сәйкес республикалық бөджеттен 221 569,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 217 569,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 4 000,0 мың теңге бөлінді. Бүгінге дейін мердігерлер осы қаражының 161 414,0 мың теңгесін толықтай игерген. Енді ағымдағы жылдың қарашасындажол толықтай төселіп, пайдалануға беріледі. Серіктестік басшылығы жұмыстарды биылдан қалдырмай бітіреміз деп отыр.
Белгілі болғандай, Шу ауданында жыр болған жол мәселесін оңынан шешу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, жыл соңында жоспарлы істер толықтай аяқталмақ. Демек, жергілікті тұрғындардың көптен күткен тілегі орындалады деуге болады.
TURANINFO.KZ






