• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жоғары оқу орындарының дамуы – бәсекелестік көрсеткіші

turan_admin turan_admin
07.12.2019, 19:45
Облыс жаңалықтары
Жоғары оқу орындарының дамуы – бәсекелестік көрсеткіші
328
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазіргі жаһандық даму жағдайындағы әлем өркениетінің негізі – білім мен ғылым болып отыр.  Еліміздің білім беру саласын жаһандық кеңістікке көшіру міндеттері  аясында Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны, бағыты мен маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Осы орайда Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жоғары білімді мамандар даярлау қызметін жүргізуде.

2008 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 28 бакалавриат және 12 магистратура мамандықтары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар даярлап,  білім беру жүйесін басқару мен заман талабына сәйкестендірудің түрлі тетіктері бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Білім ордамызда 5 мыңға жуық студент пен магистранттар білім алуда. Оларға құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, 20-дан астам ғылым докторы, профессорлар, 80-нен астам  ғылым кандидаты, доценттер, PhD докторлары мен республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының және түрлі халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары бар педагогикалық ұжым сапалы білім беруде. 

2014 жылы университет Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі бойынша көптеген қиындықтарды еңсеріп,  аймақтағы бірден-бір мемлекеттік емес жоғары оқу орнына айналды. Бүгінгі таңда университет құрамында заманауи үлгідегі 6 оқу ғимараты, спорт кешені, студенттер үйі, «Агробиологиялық»,  «Ветеринария және мал шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институттары, «Шерхантану», «Түркітану» ғылыми-зерттеу және «Рухани жаңғыру және саналы ұрпақ» орталықтары бар. 

2015 жылы университет жоспарлы мемлекеттік аттестациядан, ал 2016 жылы білім берудегі сапаны қамтамасыз ететін тәуелсіз қазақстандық агенттігінің институционалды және мамандандырылған аккредитациясынан табысты өтті.  

Жоғары оқу орындарының барлық құрылымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету, келісімшарт негізінде маман даярлауға көшу, қызметкерлерге уақтылы еңбекақы төлеу, қажетінше шет мемлекеттерден шақырылған арнайы мамандарды баспанамен қамтамасыз ету сияқты көптеген әлеуметтік мәселелерді табысты шешіп келеді. 

Бүгінгі таңда, университет түлектері еліміздің түрлі салаларында нәтижелі еңбек етуде. 

Жүйелі жұмыстар негізінде жоғары оқу орны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтингіде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қосымша білім беру гранттарын иеленді. Профессор-оқытушылардың ғылыми бағыттағы гранттық жұмыстары КазГОСИНТИ-де  тіркеліп, нәтижесінде тек соңғы 3 жылда 40 патент алынып, 500-ге жуық ғылыми мақала жарияланды. 10 монография, 18 оқулық, 32 оқу құралы, ЖОО қауымдастығының тақырыптық жоспарына енген базалық оқулықтар даярланған.

Еліміздің даму діңгегіне айналған Ұлт жоспарының 79-қадамында айтылғандай, ағылшын тілін деңгейлеп меңгертіп, үш тілде еңбек нарығында бәсекеге түсе алатын, жаңаша тұрпатты, білікті де жаңашыл, креативті кәсіби мамандар даярлауға университет жаңа талаптар белгілеуде. Осыған байланысты университеттегі жас оқытушылардың беделді жоғары оқу орындарының PhD докторантурасында білім алуына мүмкіндік жасалып отыр. Сонымен қатар, университет профессор-оқытушылар құрамының тілді меңгеруі үшін тегін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылуда.  

2017 жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринария бағыттары негізінде «Агрономия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Туризм», «Ветеринарлық санитария» мамандықтары ашылды. Бұл мамандықтар  бойынша даярланған жоғары кәсіби мамандар – бүгінгі таңда тек Жамбыл облысы ғана емес, оңтүстік аймақта үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз. 

Университеттің аграрлық бағыттағы дамуын қамтамасыз ету мақсатында  агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты базасында тиімділігі жоғары жаңа сұрыпты көкөністерді тәжірибеден өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту қолға алынды. Нәтижесінде, өңірдің географиялық жағдайына арнайы будандастырылған «Будан» сортты жүгері Мойынқұм ауданының 150 га жер көлеміне қарай егіліп, университет студенттерінің теориялық білімдерін практикамен тығыз ұштастыруына мол мүмкіндіктер жасалды және жүйелі жұмыс негізінде гектарынан 7-8 тоннадан өнім алынды. Халқымыздың 44 пайызының ауылды аймақтарда тұрып жатқандығын ескерер болсақ, жаңа технологияларды ең алдымен ауылдық елді мекендерде енгізу керек және оған ізденімпаз жастарды тарту қажет деп ойлаймыз. 

ТИГУ студенттерінің қатарында бүгінде робот техникасымен және эпоксидті смоланы қорыту арқылы жаңа заттар жасаумен айналысып жүрген ізденімпаз жастардың бар екендігі қуантады.

Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасына да  облыста алғашқылардың бірі болып Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті үн қосып отыр. Жоғары оқу орнында білім алушыларды жатақханамен қамтуға ерекше назар аударып, жалпы көлемі 7,5 мың ш/м. болатын «Студенттер үйі» қолданысқа берілді.  Бұл өз кезегінде  еліміздің дамуына ерекше серпін беретін жастарға деген үлкен қамқорлық пен  төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие мыңдаған жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді деп білемін. 

Студенттердің білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, бастамаларын қолдау мақсатында және жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге ректордың білім гранты тағайындалады. Ректор грантының иегері атанған 42 студентке университет есебінен 37 400 000 теңге көлемінде қаржы бөлінген.  

Университетте ғылым, өнер, спортпен айналысатын дарынды жастардың өзін-өзі дамытуына, сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі студенттерге жеңілдікпен оқуға жағдай жасалған. Студенттерге қолдау ретінде берілетін түрлі бағыттағы әлеуметтік жеңілдіктерге 2016 жылы 39 501 125тг., 2017 жылы 36 963 375тг., 2018 жылы 33 927 850тг., ал 2019 жылы 36 208 625тг., барлығы – 111 050 997тг. көлемінде қомақты қаржы бөлінген. 

Ел дамуында  жоғары оқу орындарының қызметіне зерттеушілік бағыт енгізу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында ғылыми жетістіктерді пайдалану аграрлық ғылымды дамытудың маңызды бөлігі болып саналатыны баса айтылған болатын. Осыған сәйкес, университет бүгінгі таңда  Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Оңтүстік Корея, Австрия, Чехия, Польша, Германия, Испания, Румыния, Малайзия, Туркия, ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен білім, ғылым, өндіріс бағытында екіжақты байланыстар орнатып, аграрлық және техникалық ғылымды дамыту бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп келеді.  

Экономикамызды дамытудың негізгі міндеттеріне айналып отырған кластерлік жүйені инновациялық сипатта  дамыту «өнеркәсіп-университет-мемлекет» үштігі арқылы жүзеге асыру қажеттігі айтылған болатын. Осыған орай, университет базасында 400 ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасы жұмысын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығын көркейту мақсатында мемлекет тарапынан қарастырылған субсидиялар алу – алдағы уақыттағы стратегиялық дамудың басым бағыттары болып табылады. 

Әсіресе, бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту, кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру  бағыттары жоғары білімді мамандар даярлаудың заманауи талаптарын өтеумен қатар, мемлекеттің әлемдік деңгейде таныла беруіне игі әсерін тигізетіні даусыз деп білемін.  

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.