• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетім балаларды қорғаудағы жаңа өзгерістер

Ағымдағы жылы елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар кешенді шешімдер қабылданды

18.12.2025
0
Жетім балаларды қорғаудағы жаңа өзгерістер
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Балалардың мүддесін қорғауға бағытталған түбегейлі өзгерістердің қатарында – Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңның қабылдануын атап өтуге болады. Аталған заң 2026 жылғы 4 ақпанда өз күшіне енеді.

Жаңа заң нормаларына сәйкес, егер бала тәрбиесі барысында қамқоршы, қорғаншы немесе асырап алған ата-анаға қатысты соттылық анықталса, не олар психикалық немесе наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болса, мұндай тұлғалар бала тәрбиелеу құқығынан дереу айырылады. Сондай-ақ, үстінен қылмыстық іс қозғалған азаматтарға бала асырап алуға, қамқоршы немесе патронат тәрбиеші болуға тыйым салынады. Бұл шектеулер балаларды қауіп-қатерден қорғап, қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейді.

Бұдан бөлек, заңнамаға алғаш рет қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер мен асырап алған ата-аналар тарапынан жыл сайын сенімділікті растау міндеті енгізілді. Олар денсаулығы, тұрғылықты мекенжайы, соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді тұрақты түрде ұсынуы қажет. Сонымен қатар, жаңа заң бойынша баланы алдымен жақын туыстарына, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда — ерлі-зайыпты отбасыларға беру тәртібі заңмен нақты бекітілді.

«Жетім балалардың құқықтарын қорғау – үнемі жүйелі назарды талап ететін маңызды сала. Биыл қабылданған шаралар қолданыстағы тетіктерді нығайтып, қамқоршылық органдарының жұмысын баланың мүддесі мен қауіпсіздігін басшылыққа ала отырып ұйымдастыруға жол ашты», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Биыл жүзеге асырылған маңызды жаңалықтардың тағы бірі — кәсіби қабылдаушы отбасы институтының енгізілуі. Бұл – баланың тұрақты тұратын жері анықталғанға дейін оны қауіпсіз әрі отбасылық ортада уақытша тәрбиелеуге арналған жаңа модель. Тәлімгерлік жүйесі де белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам азамат жетім балаларға тәлімгер болып отыр.

2025 жылдан бастап балаларды мемлекеттік мекемеге жолдау тәртібі қайта қаралды. Енді бала анықталған жағдайда, ең алдымен үш күнге дейін медициналық ұйымға жіберіліп, оның денсаулығы мен қажеттіліктері нақты анықталуы тиіс.
Сондай-ақ, алғаш рет қамқоршылық органдары үшін нақты штат саны бекітілді: әр 5 мың балаға кемінде бір маманнан келуі тиіс. Бұл жаңашылдық мамандар санын 3,3 есеге – 303-тен 1028-ге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Өңірлерде қамқоршылық саласын басқарудың жаңа құрылымдары құрылуда. Мәселен, Ақтөбе облысы мен Астана қаласында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта осындай бөлімшелер Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында ашылмақ.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 82%–ы отбасылық ортада тәрбиеленуде

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты