Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды TURANINFO.KZ. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы Департаменті ақпарат таратты.
Жер қатынастары басқармасының басшысы – Б.Сазанбай, азамат Г-дан жер теліміне және оның дүкендік кесіндісіне мемлекет тарапынан жеке меншіктік құқық беретін құрылыстың жобасына қол қою үшін заңсыз 300 мың теңге көлемінде ақша талап етті.
Тергеу әрекеттері нәтижесінде басқарма басшысы пара алу кезінде ұсталды.
2017 жылдың 27 наурызында Б. Сазанбай ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметпен өмір бойына айналысу құқығынан айыра отырып, оған жаза ретінде 18 млн. пара сомасы айыппұл қолданылды.