• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жазушы Әкім Тарази өмірден өтті

Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, драматург Әкім Тарази өмірден өтті

turan_admin turan_admin
22.04.2025, 13:33
Қазақстан жаңалықтары
Жазушы Әкім Тарази өмірден өтті

Photo : КазНИУ

82
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қаралы хабарды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы жеткізді.

«Қазақ әдебиеті мен өнері орны толмас ауыр қайғыға ұшырады. Бүгін көрнекті жазушы, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Франц Кафка медалінің иегері, профессор Әкім Үртайұлы Таразидің дүниеден өткенін күйзеле отырып хабарлаймыз. Әкім Тарази – қазақ әдебиеті, киносы мен драматургиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның қаламынан туған туындылар қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алды. Тарихи, философиялық, әлеуметтік тақырыптарды терең қозғаған шығармалары бірнеше буын оқырманның рухани жан азығына айналды. Қазақ әдебиеті, мәдениеті мен өнері жолындағы еңбегі мәңгі есте сақталады», – деп жазылған хабарламада.

Әкім Тарази туралы не белгілі?

Әкім Тарази 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы Луговой (Рысқұлов) ауданы Жаңа тұрмыс ауылында бітірген. 1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология  факультетін  бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы Шу ауданы Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында (КСРО  мәдениет министірлігінде) дәріс тыңдады.

  • 1962 жылы «Литературный газет» (Мәскеу) Қазақстандағы меншікті тілшісі,
  • 1964 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында, бас редактор,
  • 1970-1980 жылдары Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы.
  • 1980-1986 жылдары шығармашылық кезеңі.
  • 1986-1990 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы,
  • 1991-1994 жылдары Мәдениет министірлігінің кеңесшісі,
  • 1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас редакторы,
  • 1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры,
  • 2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі болды.

Әкім Таразидің «Ақбердінің ауласы», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған» романы, «Қорқау жұлдыз» романы, «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» романдары бар.

Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындылары: «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай».

Қазақ театрларының сахнасындағы  драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз махаббаты» т.б. Жазушының бірнеше шығармасы орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылды.

Әкім Тарази Н.Я. Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне  заманғы тарихы», «Мыңқолдың төрт ханы» тарихи ғылыми-зерттеу еңбегін, Ф. Рабленың «Гаргантюа және Пантагрюэль» романын алғаш қазақ тіліне аударды.

1994 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1997 жылы «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік  наградасымен марапатталды, 1999 жылы  Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2011 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (Прага) атағына ие болды,  2015 жылы «Отан» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.