Сотта анықталғаны:
Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен 17 жылға бас бостандығынан айырылып, Тараз қаласындағы «№58 мекемеде» жазасын өтеп жатқан сотталушы Е. тәртіптік изолятордың ішінде қабырғаға орнатылған бейнекамераны жұлып алып, жерге ұрып сындырып, қасақана жойып, «№58 мекемеге» 25 625 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
Тараптардың позициясы:
Сотталушы Е. өз кінәсін толық мойындады.
Жәбірленушінің өкілі К. сотталушы келтірген залалды азаматтық талап тәртібінде өндіруді сұрап, жаза тағайындайды соттың қарауына қалдырды.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының жаза өтеп жатқанына байланысты ҚК-тің 60-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай оның жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы оған түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот шешімі:
ҚК-тің 428-1— бабының 1-бөлігіне сәйкес, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін, ұстау режимін бұзу мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциярлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларындабейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру – екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәні мойындауы мен шын жүректен өкінуін таныды. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.
Сотталушы Е. бұрын Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қазан 2017 жылғы үкімімен ҚК-тің 192-бабының 3-бөлігі 2)-тармағы, 99-бабының 2-бөлгі 8)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-тің 58-бабының 4-бөлігінің талаптарына сай жазаларды ішінара қосу арқылы оған түпкілікті 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сондықтан сот ҚК-тің 60-бабының 1-бөлігіне сай, осы үкім бойынша тағайындалған жазағабұрынғы үкімім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы оған 9(тоғыз) жыл 10 (он) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне 29 қаңтар 2025 жылы заңды күшіне енді.
Тараз қаласының прокуратурасы