• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жаз – балалар үшін демалып, денсаулығын нығайтып, жаңа әсерге бөленетін кезең.

19.06.2025
0
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық
33
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Биылғы 2025 жылдың жазғы демалыс мерзімінде Мойынқұм ауданы бойынша оқушылардың демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аудандағы 24 жалпы білім беретін мектепте (1 бастауыш, 4 негізгі және 19 орта мектеп) 5431 оқушы оқу жылын аяқтады. 2025-2026 оқу жылының басында 1-10 сынып аралығында 5104 оқушы білім алады деп жоспарлануда.

Оқушылардың жазғы демалысын сапалы өткізу үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Мектеп жанындағы лагерьлер 2-12 маусым аралығында 300 балаға арналған. Бұл мақсатқа 1 млн 650 мың теңге бөлініп, тамақпен қамту қарастырылған. Іс-шаралар жоспары әзірленіп, балалардың демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізуге бағытталған.

Сонымен қатар, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне 144 оқушыны жолдау үшін 9 млн 72 мың теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз болып ТОО «Фирма Еламан» анықталды. Балалар Жуалы ауданындағы «Берікқара» лагерінде демалуда. Бұл орынға ең алдымен 7-14 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және үздік оқушылар қамтылды.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аула клубтарының үйірмелеріне, мектеп жанындағы үйірмелерге, еңбек жасақтарына оқушылар тартылуда. Атап айтқанда, мектеп жанындағы еңбек жасақтарына (мектеп аумағын көгалдандыру, жөндеу жұмыстары) – 680 оқушы, аула клубтарының үйірмелеріне – 1300 оқушы, түрлі қызығушылық бағытындағы үйірмелерге – 1800 оқушы қатысады деп күтілуде.

Аудан көлемінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысы мен сауықтырылуы ерекше назарда тұр. Олардың барлығы түрлі демалыс формаларымен қамтылуда.

Сонымен қатар, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жанынан тамақтандырылатын және тамақтандырылмайтын күндізгі демалыс алаңдары, еңбек және жазғы демалыс алаңдары, мектеп орман шаруашылығы мен өндірістік бригадалар ұйымдастырылып, мектепішілік лагерьлер жұмысы жандануда. Бұл нысандарда балалар үшін қажетті жағдайлар жасалып, педагогикалық, медициналық және өзге де мамандармен толық қамтамасыз етілуде.

Жалпы алғанда, жазғы демалыс кезеңінде аудан оқушылары тек демалып қана қоймай, рухани, мәдени және еңбекке баулу бағыттарында да белсенділік танытуда.

Тегтер: жазғы демалысЖамбыл облысылагерьмектепМойынқұм ауданыоқушы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты