• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жасыл желектерге күтім қажет

turan_admin turan_admin
07.10.2020, 14:32
Облыс жаңалықтары
Жасыл желектерге күтім қажет
122
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және күзгі 2 айлық санитарлық тазалық жұмыстарының өту барысы талқыланды.
Айта кетейік, онлайн режимінде өткен басқосу облыс әкімдігінің Youtube арнасынан және ресми сайты арқылы таратылды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, биыл елді мекендерді абаттандыруға және санитарлық тазалыққа бюджеттен 4,1 миллиард теңге бөлінген. Тараз қаласы және облыстың барлық аудандарында сенбіліктер өткізілуде.
16 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 600 шақырымнан астам каналдар мен арық жүйелері, 1404 шақырым көше бойлары тазартылып, полигонларға 1860 тонна қоқыс шығарылған. Саябақтарда гүлзарлар отырғызылып, ал іргелес аумақтар түрлене түскен.
Алайда барлық аудандарда абаттандыру шаралары жоспарға сай жүргізіліп отырған жоқ. Мәселен, Байзақ, Жамбыл, Жуалы,Т.Рысқұлов аудандарының ауылдары мен Тараз қаласының көшелерінен қоқыс үйінділерін көптеп кездестіруге болады.
— Айта кету керек, соңғы екі айда облыс орталығында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС арнайы техниканың санын 16-дан 26 бірлікке арттырды.  Жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 700 контейнер қаладағы қоқыс алаңшаларына орнатылды. Тағы осындай 1000 дана контейнер сатып алу жоспарланып отыр, — деді Қ.Қорғанбаев.
Бердібек Сапарбаевтың сауалына жауап қатқан аталған аудан әкімдері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайтындықтарын және тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығына сендірді.
— Таразда және аудандарда ағаштар мен бұталардың қурап жатқандығына қатысты тұрғындар шағымдануда. Себеп дұрыс суарудың ұйымдастырылмауы. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы да, аудан әкімдері де бұл мәселенің шешілуіне мүдделі. Бұл тұрғыда қомақты қаражат бөлінеді. Тараз аумағын абаттандыру мен санитарлық тазартуға екі миллиард теңге қарастырылған. Ал, оның нәтижесі қайда? — деді облыс әкімі.
Жамбыл және Сарысу аудандарында да осы мақсатқа көп қаражат бөлінген, бірақ көшет отырғызуға ақша жетпеген.
«Біз жылына тек екі рет қана ағаш отырғызамыз. Бұл мәселені қадағалау, ақша бөлу және ағаштардың жай-күйін бақылаа отыру мүмкін емес пе?» — деді аймақ басшысы.
Барлық аудан әкімдеріне және облыс әкімінің орынбасарларына Ұ.Жазылбек пен Б.Нығмашевқа елді мекендерді абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
— Қар түскенше ешкім сенбілікті тоқтатпауы тиіс. Жергілікті тұрғындар белсенді қатысуы керек, — деді Бердібек Сапарбаев.
Ол каналдар мен арықтарды тазартуға ерекше назар аударды.
— Қазір бұл бағытта облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды. Біздің алдымызда барлық арналар мен суармалы арықтарды қысқа мерзімде тазалап, ретке келтіру міндеті тұр, — деді облыс әкімі.
Жиын соңында салтанатты жағдайда Бердібек Сапарбаев мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевты құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтады.
Облыстың Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке де құттықтау жолдады. Ол «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауында «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясын жеңіп алған.
 
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.