«Жасөспірімдер мен жастар арасында ұлттық тәрбиені қалыптастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аяқталуға жақын
2017 жылдың тамыз айынан бастап облысымызда «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» КМҚК-ның тапсырысы бойынша «Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында ұлттық тәрбиені қалыптастыру» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік жоба өз жұмытарын бастаған болатын. Аталмыш жоба шеңберінде Жамбыл, Байзақ аудандарында «Ұлт мақтанышы-тәрбиелі ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, «Ізгілік пен игілік-болмыстың ұйытқысы» атты семинар Жуалы ауданында, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында және Тараз қаласында «Өскелең ұрпақ тәрбиесі» атты кездесулер өткізілді. Аталмыш іс-шаралар барысында іс-шара дәрежесін арттыру мақсатында бірқатар барқармалармен байланыс орнатылды. Жоба барысында «Талапты ерге нұр жауар» атты «Жігіт сұлтаны 2017» байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауға жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысып бас жүлдені М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Жайлыбаев Заманбек еншіледі. Жүлделі орын игерлері арнайы сертификаттармен жəне қаржылай сыйақымен марапатталды. Айта кетерлік М.Үркімбаев атындағы Жастар Сарайындаңғысы болмақ.
өткізілген бұл байқауға 200-ден аса көрермен мен оқу орындарынан іріктеліп алынған 6 студент қатысып жүлделі орында өзара тартысқа салды. Жүлделі 1-ші орын Тараз мемлекеттік университетінің студенті, 2-ші орында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің студенті жəне 3-ші орынды Жамбыл медициналық колледжінің студенті еншіледі. Осы жоба аясында «Қыз қылығымен көрікті» атты қала студенттері арасында арулар байқауы ағымдағы айда өткізу жоспарлануда. Айта кетерлік аталмыш байқау осы жобаның соңғысы болмақ. Күтіліп отырған байқау жоғары дәрежеде өткізіледі деп күтілуде.