• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:51
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
08.05.2025, 16:32
Қазақстан жаңалықтары
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді
52
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңгеге біржолғы материалдық көмек төленді. ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Вице-министр биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 105 ардагері, сондай-ақ ҰОС Жеңісіне үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын айтты. Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 64 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 129 адам; ҰОС кезінде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 1 638 адам; ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам; тыл еңбеккерлері – 38 874 адам.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан барлық ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Өз елінің тарихын білу және құрметтеу, сондай-ақ келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін Жеңісті жақындата отырып, майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің жасаған ерліктерін ұмытпау әр адамның міндеті.

80 жыл бойы ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылуда», – деді Олжас Анафин.

Жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңгені, ал ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері алатын орташа жиынтық мөлшері 179 800 теңгені құрайды.

Қазіргі кезде әскери қызметшілер пайдаланатын құқықтар мен кепілдіктердің барлығы ардагерлеріміз үшін де жарамды. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджеттік және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (атаулы) күндерге, тұрғын үйге жөндеу жүргізу, отынмен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және қоғамдық көлікте жол жүру бойынша жеңілдіктерді және т.б. көмек түрлерін көрсетеді.

Бұдан басқа, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет мүмкіндіктеріне қарай әр өңірде жеке белгіленетін біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.

«Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде – 5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті», – деді Олжас Анафин.

ҰОС Жеңісіне үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттарына 9 мамырға дейін келесідей мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:

— Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60-тан 200 мың теңгеге дейін (64 адам);

— концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 98-ден 200 мың теңгеге дейін (129 адам);

— мүгедектігі бар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына – 50-ден 150 мың теңгеге дейін (1638 адам);

— ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне – 50 мың теңге (2 адам);

— тыл еңбеккерлеріне – 50-ден 200 мың теңгеге дейін (38 874 адам).

Сонымен бірге жергілікті бюджет қаражаты есебінен биыл әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылатын болады, оның ішінде:

— коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді өтеуге (2,6 млрд теңгеге 193 749 адам);

— тұрғын үйді жөндеуге көмек (21,5 млн теңгеге 61 адам);

— отын сатып алу үшін (14,5 млн теңгеге 342 адам);

— қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (4,1 млрд теңгеге 209 837 адам);

— дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша (48,5 млн теңгеге 2 856 адам);

— тіс протездеуге (441,9 млн теңгеге 3 456 адам);

— азық-түлік жиынтығы (103,9 млн теңгеге 9 551 адам).

ҰОС ардагерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан басқа да санаттарға жататын азаматтарға Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне мерейтойлық медальдар табыс етілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Тегтер: әлеуметтік төлемекінші дүниежүзілік соғысЖЕҢІС КҮНІҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.