• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылдық үздік жастар марапатталды

Шара барысында Ербол Қарашөкеев түрлі салада жыл бойы жемісті еңбек еткен жастарға «Әулиеата үздігі» сыйақысын және түрлі жобалар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстады.

18.12.2024
0
Жамбылдық үздік жастар марапатталды
40
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ең үлкен өңіраралық бәсекелестік – талантты жастар үшін. Дарынды жастарды облыста ұстау, тұрақтандыру, өзге өңірлерден тарту үшін оларға жергілікті жерде барынша қолдау көрсету маңызды. Өңірдің үздік жастарын марапаттау салтанатында осылай деген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бәсекелестікте Жамбыл облысының әлеуеті зор екенін, түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.

Шара барысында Ербол Қарашөкеев түрлі салада жыл бойы жемісті еңбек еткен жастарға «Әулиеата үздігі» сыйақысын және түрлі жобалар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстады.

— Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын. Бұл сөз білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, олардың ұранына айналды десек қателеспейміз.

Еліміздегі әрбір игі бастамалардың барлығы жастардың кемел келешегіне негізделген. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ деп есептеймін. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев 2025 жылы өңірде «Тараз — кітап оқитын қала» жобасы қолға алынатынын атап өтіп, игі бастамаға барша жамбылдық жастың қолдау көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге 10 мыңнан астам еріктінің ерен еңбегіне алғыс айтты.

Бұдан соң үздік жастарға облыс әкімінің «Әулиеата үздігі» сыйақысы табысталды.

«Үздік жас ақын» номинациясы бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша «Еуразия» бірінші арнасы телеарнасының тілшісі Ұлдана Жұбай, «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Дәурен Естаев, «Үздік жас спортшы» номинация бойынша ҚР спорт шебері Бексұлтан Боранбай, «Үздік жас медицина саласының маманы» номинациясы бойынша Жамбыл аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі Бикен Аманғалиқызы, «Үздік жас өнер саласының маманы» номинациясы бойынша К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Дидар Басықараев, «Үздік жас құтқарушы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Байдаулет Дусейнов, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» номинациясы бойынша облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құндызай Бөгенбаева, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша Талас ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Батырхан Төмешбай,«Үздік жас өндіріс саласының маманы» номинациясы бойынша «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің аға зертханашысы Салтанат Займанова, «Үздік жас өнертапқыш» номинациясы бойынша канадалық «MaintainX» Старт АП компаниясының қызметкері Мұхтарәлі Әбуәлі марапатталды.

Салтанатты шарада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Атап айтқанда, ғылым бағыты бойынша Дәулет Жаманқұл, Шынар Тоқтамыс, мәдениет бағыты бойынша Аяна Ким, Ақарыс Сайлау, ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Әлихан Әділ, Мерей Жолдасбек, бизнес бағыты бойынша Патима Байтұрсын, Азамат Немелбек, медиа бағыты бойынша Мерей Бает, Ерқасым Әбдірахман 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы халқының 29,1 пайызын жастар құрайды. Биыл 23 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Жасыл ел» жобасы аясында 2 000 жас маусымдық жұмысқа орналасты.

344 жастың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант берілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 326 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Өткен жылы «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 144 жасқа баспаналы болу бақыты бұйырса, биыл 140 жас отбасыға пәтер кілті табысталады. Аталған бағдарлама келесі жылы да жалғасын табады.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысымарапаттауүздік
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты