Кездесу барысында облыс әкімі шоқтығы биік тұлғамен дидарласып, әдебиет және руханият төңірегінде әңгіме өрбітті.
Өңір басшысы Мұхтар Шахановтың қазақтың сөз өнерінде алар орны бөлек екенін тілге тиек етіп, оның поэзиясы – елдің еңсесін тіктеп, рухын асқақтатқан мәңгілік мұра екенін айтты.
– Сіздің жалынды жырларыңыз әр қазақтың жүрегінде жатталып, сана түкпірінде сайрап тұр десек, қателеспейміз. Әулиеаталықтар да Шаханов мұраларына ерекше құрметпен қарайды, — деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі ақынның иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан сый-құрмет көрсетті.
Бұл күні жамбылдықтар Мұхтар Шахановпен бірге Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры сахналаған «Танакөз» атты мелодрамасын тамашалады.
Жамбыл облысының әкімдігі