• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық шенеуніктер кабинеттерінен шықты

turan_admin turan_admin
11.09.2020, 10:41
Облыс жаңалықтары
Жамбылдық шенеуніктер кабинеттерінен шықты
129
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы  — халық пен мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланыстың негізі.

Осы бастаманы жүзеге асыру  мақсатында Жамбыл облысында апта бойы  қоғамдық қабылдау өтті.

Шенеуніктер және құқық қорғау органдары  шалғай ауылдармен қатар, облыс орталығында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ең өзекті мәселелер көтерілді. Бірқатар түйінді түйіткілдердің түйіні сол сәтте шешімін тапты.

Айталық, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Дос-Нар» сауда үйінің алдында қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Тұрғындар сағат 10:00-ден  кешкі беске дейін, шаһар басшысының алдында түрлі мәселелерді көтерді. Олардың қатарында абаттандыру, жолдың сапасы, көшені жарықпен қамтамасыз ету мәселелері болды.

Мәселен, Тараз қаласының тұрғыны  Әбдірахман Қалмаханов Радников көшесіне асфальт төсеп беруді өтінді. Оның айтуынша,  аталған жол осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген.

— Қазір көшеміздегі су құбырларын ауыстырып жатыр. Асфальт болмағандықтан лай-батпақты кешуге мәжбүрміз. Бұл жағдай ерте күзде жаңбыр жауғанда, қыста жиі қайталанады, — дейді Ә.Қалмаханов.

Қала әкімі аталған мәселені жылдың соңына дейін шешіп беруге уәде берді.

Жуалылықтар  да  өздерін уайымға салған мәселелерін аудан әкіміне жеткізуге мүмкіндік алды. Ол үшін Нарбай Ергебеков Қызыларық ауылдық округі әкімдігінің алдында  қабылдау өткізді. Елді мекенді абаттандыру жұмыстарының бұл жерде де өзектілігі байқалды. Сондай-ақ, суармалы сумен қамту, жолдарды жөндеу,  көшелерді жарықтандыру, жолаушылар тасымалы және жерді тиімді пайдалану бойынша сауалдар көтерілді.

Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулеттің  бірінші кездесуі  Қаракемер ауылында өтіп, тұрғындарды толғандырған мәселелер өз шешімін табатын болды.

Азаматтарды қабылдау кезінде жауапты мамандар  өтініштерді қабылдап, мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты сауалдарға жауап берді.  Жамбылдықтар халық пен билік арасындағы бұл байланыс түріне оң  баға берді.

—  Пандемия кезінде әкімдікке баруды айтпағанда, үйден, тіпті дүкенге сирек шығатынмын. Үйімнің маңында  қоғамдық қабылдау өтетінен хабардар болып, қуандым. Біз көршілерімізбен бірге қол жинап, әкімдікке өтінішімізді апарамыз деп жоспарлап отырғанбыз, іздегенге сұраған әкімнің өзі келді. Әрине, осы мүмкіндікті пайдаланып, өтінішмізді тікелей әкімге жеткізді , — дейді  зейнеткер  Ида Шадрина.

Пандемияға байланысты қоғамдық қабылдаулар ашық аспан астында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілгенін атап өткен жөн.

Облыс әкімінің бастамасымен алдағы уақытта осындай көшпелі қоғамдық қабылдаулар тоқсан сайын ұйымдастырылып тұрмақ. Бұл бағыттағы алғашқы кездесу осы жылдың маусым айында өткен болатын.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.