Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, сондай-ақ Кинологиялық қызмет орталығының полицейлері және Қазпошта АҚ-ның Жамбылдық филиалы
қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері 2021 жылға арналған бірлескен жоспарға сәйкес, қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тінту іс-шараларын жүргізді.
Қазпошта АҚ Жамбыл филиалының объектілері, яғни негізгі ғимарат және теміржол вокзалы аумағындағы сұрыптау пункті бандерольдер мен посылкаларда жөнелтілген тыйым салынған есірткі құралдарының болуына қатысты тексеру жүргізілді.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы мұндай іс — шаралар есірткі құралдарын тасымалдау арналарын жабу мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі,-деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.