Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Кеңеске қатысушылар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелерін, «Бестерек» жобасының қорытындыларын, жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметі бойынша сұрақтарды қарастырды. Қ. Мәжікенов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мүдделі органдардың қызметін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың баяндамасын тыңдап, комиссия келесі оқу жылы басталғанға дейін барлық педагог-психологтар үшін арнайы курстар ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің қызметіне мониторинг жүргізілетін болады. Оқу бағдарламасына 1-4 сынып оқушыларына арналған «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», 5-8 сынып оқушыларына арналған «Жол қозғалысы Ережелері» бағдарламасы енгізіледі.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы айта отырып, Полиция департаментімен бірге лагерьлердің күзет қызметінің жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды.
Мүдделі тараптар бірлесіп 9-сыныптан кейін колледждерге түскен және қазір NEET санатына жататын түлектердің тізімін жасайды. Оларды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ балалардың жолда жарақаттануының алдын алу шаралары зерделенді.
Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жергілікті жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу тапсырылды.