• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 15:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық өнерпаз Саха төрінде қазақ өнерін дәріптеді

2026 жылғы 3–5 шілде аралығында Ресей Федерациясының Саха (Якутия) Республикасында ЮНЕСКО қамқорлығымен өткен «Ысыах Олонхо» ұлттық мерекесі аясындағы «Әлем халықтарының эпостары» («Эпосы народов мира») халықаралық жобасы ұйымдастырылды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
09.07.2026, 23:34
Мәдениет
Жамбылдық өнерпаз Саха төрінде қазақ өнерін дәріптеді
64
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аталған халықаралық шараға Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, жыршы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Бекарыс Жәнібекұлы Көштаев қатысып, қазақтың дәстүрлі жыршылық өнерін халықаралық деңгейде насихаттады, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі. 

Бағдарлама аясында Бекарыс Көштаев Саха (Якутия) Республикасының Басшысы Айсен Сергеевич Николаевтың алдында арнайы өнер көрсетіп, ұлттық жыр өнерінің терең мазмұны мен көркемдік ерекшелігін таныстырды.

“Бұл – шығармашылық ғұмырымдағы ең айтулы сапарлардың бірі болды. Бұл жобаға Саха Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Ил Тумэн Мемлекеттік жиналысының бұрынғы төрағасы Александр Николаевич Жирковтың арнайы шақыртуымен бардым. Саха Республикасының басшысы Айсен Сергеевич Николаевтың алдында қазақтың дәстүрлі жырын орындадым. Сол сәтте өзімді емес, ғасырлар бойы үзілмеген қазақтың жыраулық мектебін таныстырып тұрғанымды сезіндім. Көрерменнің ықыласы мен құрметі қазақ өнерінің құндылығын тағы бір дәлелдеді”, — деді Бекарыс Жәнібекұлы сапар туралы әсерімен бөлісіп.

Халықаралық кездесу барысында «Қасиетті көлдер одағы» («Союз Священных Озер») мәдени және рухани серіктестігі туралы келісімге қол қойылды. Бұл бастама түркі және әлем халықтарының рухани мұрасын сақтау мен мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Одақтың бастамашысы – «Арктикалық эпос және өнер орталығы» мәдени кешенінің бас директоры, Ресей Федерациясының халық әртісі Андрей Саввич Борисов.

Жобадағы белсенді қатысып, қазақтың дәстүрлі өнерін халықаралық деңгейде дәріптегені үшін Бекарыс Көштаев Саха (Якутия) Республикасы Үкіметі Төрағасының орынбасары Сергей Васильевич Местниковтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Халықаралық жобаға Қазақстан Республикасынан профессор, филология ғылымдарының докторы Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы, ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет қатысса, сондай-ақ Қырғыз Республикасы, Башқұртстан, Алтай және Тыва республикаларынан белгілі ғалымдар мен өнерпаздар бас қосты.

 

Тегтер: Әлем халықтарының эпостарыСаха (Якутия) Республикасыхалықаралық жоба
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақтың қасиетті жыры әлем сахнасында шырқалуы тиіс

Қазақтың қасиетті жыры әлем сахнасында шырқалуы тиіс

03.08.2026, 18:57
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жамбылдық   шығармашыл жастармен кездесті

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жамбылдық шығармашыл жастармен кездесті

31.07.2026, 23:44
Қазіргі қазақ киносындағы «ғайып» философиясының көркемдік трансформациясы

Қазіргі қазақ киносындағы «ғайып» философиясының көркемдік трансформациясы

30.07.2026, 19:04
Бақыт Шағырбаев 114 әнмен рекорд жаңартты

Бақыт Шағырбаев 114 әнмен рекорд жаңартты

23.07.2026, 15:40

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.