• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
10.09.2026, 12:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛДЫҢ ЕСІМІН ИЕМДЕНГЕН АУДАН АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

turan_admin turan_admin
26.02.2021, 11:06
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛДЫҢ ЕСІМІН ИЕМДЕНГЕН АУДАН АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
534
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Береке-бірлігі жарасқан қазақ халқы ақынын қадірлеп, құрмет көрсетуден еш жалықпаған. Ал, ұлтымызда жауһар жырлары мен әсем туындыларын тарту еткен марқасқа ақын-жазушыларымыз жетерлік. Солардың бірі, һәм бірегейі – жыр алыбы Жамбыл Жабаев.
Аты аңызға айналған адамның артында қалған мол мұралары – кейінгі ұрпаққа мәңгілік азық. Өлең-жырды жастана оқитын ұрпағы барда оның отты өлеңдері өзіндік орнын жоғалтпай, қазақ даласын әсем әнге бөлейді. Бүгінде ақынның жыр-дастандары елуден астам мемлекеттің тіліне аударылды. Бұл да қазақ әдебиетінің, мәдениетінің және жыр алыбы Жамбылдың әлем елдері арасында мәртебесі жоғары екенін айғақтайды.
28 ақпан – жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың туған күні.Қазақ халқының мақтанышына айналған ұлы тұлғаның дүниеге келген күні әрдайым аталып келеді. Әсіресе, ақын атымен аталатын Жамбыл облысы және Жамбыл ауданы тұрғындары үшін бұл күн ерекше маңызға ие.
Бүгін аудан жұртшылығы орталық алаңдағы абыз ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етуді дәстүрге айналдырғалы қашан. Сол дәстүр биыл да жалғасын тапты. Алдымен аудан әкімі Сәкен Арубаев бастаған топ ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Гүл қою рәсімінен соң сөз сөйлеген Сәкен Қаланұлы жыр дүлділі ақынның есімімен аталатын ауданда ерекше аталып өтілетінін, облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылатынын, Жамбыл ауылында Жамбыл атындағы орта мектеп халық қажетіне берілетінін тілге тиек етіп, халқын ақынның мерейтойымен құттықтады.
Гүл қою рәсімінен соң жүз жасаған бәйтерегіміздің жырларын көңілге тоқып өскен аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Қарт домбыра» қойылымын сахналаса, әнші Жақсылық Қалтешов «Менің пірім Сүйінбай» әнін нақышына келтіріп шырқады. Ал ауыл ақсақалы Бейсенбек Асқаров ақ батасын берді.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32

Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

09.09.2026, 18:00

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

09.09.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.