• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық дәрігерлерге 18 реанимобиль мен 8 «жылжымалы медициналық кешен» берілді

turan_admin turan_admin
22.10.2020, 16:58
Облыс жаңалықтары
Жамбылдық дәрігерлерге 18 реанимобиль мен 8 «жылжымалы медициналық кешен»  берілді
118
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Бүгін салтанатты жағдайда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев медицина қызметкерлеріне заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа автокөліктердің кілттерін табыстады.

Отандық өндірістерде жабдықталған жылжымалы медициналық диагностикалық кешендер сегіз аудандық аурухананың балансына берілді. Сондай-ақ, облыстық жедел жәрдем станциясының паркі «Hyundai» маркалы 18 реанимобильмен толықты.

— Мемлекет басшысының негізгі саясатының басым бағыттарының бірі – Денсаулық сақтау саласын жаңғырту. Барлық ресурстар қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталуы керек. Медициналық ұйымдар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, төсек қоры мен инфрақұрылымы жаңартылуда. Дәрігерлердің жалақысы көтерілуде. Біздің облыста денсаулық сақтау саласына шамамен 5 миллиард теңге инвестиция салынды.

Қазіргі таңда коронавирустың ықтимал екінші толқынына қызу дайындық жүруде. Атап айтсақ, екі айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптасып, 2530 төсек-орын дайындалды, жабдықтар сатып алынуда. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетімен бірлесіп кадрларды даярлау бойынша ісі қолға алынып жатыр, — деген Бердібек Сапарбаев медицина қызметкерлеріне жанқиярлық еңбектері үшін алғыс білдіріп.

Ол жаңа технология дәрігерлердің науқастарға жетуін тездетіп, медициналық көмектің сапасын арттыратынына сенім білдірді.

Медициналық жылжымалы кешендер жалпы қабылдау бөлмелері, акушер-гинеколог, сәулелік диагностика, жалпы тәжірибелік дәрігер алаңдары, талдаулар қабылдау орны, дәріхана пункті, сараптамалық кластағы портативті УДЗ, айналасына қауіпсіз рентген және флюорографиямен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус-лифті бар.

Ауыл тұрғындарына тар бейінді мамандар қызмет көрсетеді. Оларға «Таза жүрек» акциясына қатысушы – медициналық еріктілер көмектеспек.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев бұған дейін облыстың үш ауданы жылжымалы медициналық диагностикалық кешенге ие болғанын атап өтті. Ал, бүгінгі кешендер қалған аудандық ауруханаларға жеткізіледі.  Осылайша, барлық он аудан және облыс орталығы жылжымалы кешендермен қамтамасыз етіліп отыр.

— Тағы 48 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Жедел жәрдем мен жылжымалы медициналық кешендер дәрігерлердің шалғайдағы ауылдарға жетуіне көмектеседі,- деді Әсет Қалиев.

Аймақтың бас дәрігері коронавируспен күресуге төрт мыңнан астам медициналық қызметкер тартылғанын айтты.

— Жұқтыру қаупі жоғары аймақта жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне ай сайынғы үстемақы төленеді. Төлемдер Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Коронавируспен ауырған жалпы 275 медицина қызметкері 2 миллион теңге көлемінде төлемге қол жеткізді. Олар эпидемияға қарсы шараларға қатысқан. Қайтыс болған 20 медицина қызметкерінің отбасыларына 10 миллион теңгеден берілді, — деді Әсет Қалиев.

Салтанатты шара барысында 12 жамбылдық денсаулық сақтау қызметкері «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері де жан-жақты қолдауларға ризашылықтарын білдірді. Дәрігерлер осындай кешендердің арқасында ауыл тұрғындарына сапалы көмек көрсете алатындықтарын, бұл облыс тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ықпал ететіндігін атап өтті.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.