• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛДЫҚ 219 КӘСІПКЕР ATAMEKEN SERVICES АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

26.10.2018
0
ЖАМБЫЛДЫҚ 219 КӘСІПКЕР ATAMEKEN SERVICES  АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛДЫ
299
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

Жамбыл облысында жаңашылдық 15 шілдеден бастап енгізілді

Өңірдегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылды. Осылайша кәсіпкер кеңесшінің көмегінсіз-ақ қажетті қызмет түрін пайдалана алады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында services.atameken.kz интернет-ресурсы арқылы кәсіпкер бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, ақпараттық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс беріп, пайдалана алады.

Аталмыш қызметтерді services.atameken.kz арқылы онлайн режимінде кәсіпкер үйінде немесе кеңседе, сондай-ақ Қазақстанның және әлемнің кез келген жерінен қосылып, қызмет түрін қолдана алады. Платформаға тіркелу үшін қолданушының телефон нөмірі мен электронды поштасы қажет. services.atameken.kz қосымшасы смартфон арқылы да қолжетімді.

«Кәсіпкер сервис арқылы бизнес негіздеріне оқытуға жазылып, қаржыландыру, шығындарды азайту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша толық ақпаратты ала алады. Сонымен бірге, қызметтер офлайн режимінде де көрсетіледі. Талдықорғандағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік, құқықтық және маркетинг қызметтері бойынша кеңесшілер жұмыс істейді», – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.  

Тараз қаласының «Кәсіпкерлер үйінде» орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандардағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеудің жаңа форматына шілде айының ортасынан бастап көшкен болатын. Жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында кәсіпкер тарапынан қандай да бір сұрақ немесе қиындық туындаған жағдайда біздің кеңесшілер қолдау көрсетіп отырады. Қолданушы үшін байланыс қызметі мен техникалық көмек қызметі қарастырылған», – деп атап өтті Диана Түкпетова.

Өңірлік палатаның мәліметі бойынша, шілде айынан бері аймақтағы 219 кәсіпкер services.atameken.kz платформасы арқылы қызметтерді пайдаланған.

Жыл басынан бері Тараз қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 600-ге тарта бизнес субъектісі сервистік қызметтерге жүгінген. Оларға 1043 сервистік қызмет түрі көрсетілген. Жалпы облыс бойынша Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында тоғыз ай ішінде екі мыңнан астам кәсіпкерге 2630 сервистік қызмет пен кеңестер берілді.

Еске салсақ, былтыр Таразда ашылған «Кәсіпкерлер үйінде» өңір кәсіпкерлеріне кешенді әрі мобильді түрде қызмет көрсету үшін «Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері», «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы», «Жергілікті инновация кеңсесі», «Жобалық басқару және цифрландыру кеңсесі», «Казах Инвесттің жергілікті кеңсесі», «Туристік ақпараттық орталық» орналастырылған болатын. Қосымша Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жер қатынастары басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, миграциондық қызмет, екінші деңгейлі банктер, «Даму» қоры мен өзге де қаржы институттары қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлердің үйінде сондай-ақ, «Жергілікті Кәсіпкерлер палатасының» оқыту орталығы бар. Кез келген адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, шеберлік сыныптары мен бизнес саласында біліктілігін арттыруға көмектеседі.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты