• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылда есірткі саудасы үшін әкесі мен баласы сотталды

Сот үкімімен 58 жастағы әкесі мен 20 жастағы ұлы алдын ала сөз байласып, адамдар тобымен аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін сотталған (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1 және 3) тармақтары).

13.10.2025
0
24 жастағы жігітті зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты
25
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Істің материалдарына сәйкес, сотталған У. шаруа қожалығында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтаған. Оларды өткізу мақсатында сатып алатын адамдар тауып, есірткі затының әр килограмын 180 000 теңгеге, жалпы 12 килограмын 2 160 000 теңгеге сатуға келіскен. Бір-екі күннен кейін тағы есірткі затын дайындап қоюға уәде берген.

Келесі күні әкесі баласына есірткі заттарын сатуға дайындап қойғанын, оның сыртын қаптауға көмектесуді сұраған.

Артынан ұлымен сатып алушыларды көлікпен ауылда орналасқан дәмхананың алдынан шаруа қожалығына алып келуді, есірткі затын өткізген соң кері жеткізіп тастауға келіскен.

Кейіннен сатып алушылар шаруа қожалығына келіп, У.-дан 3 дана орамдағы есірткі затын, жарты ақшасына – 1 млн теңгеге сатып алған.

Есірткі затының қалған бөлігін сатып алу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оларды ұстаған.

Оқиға болған жерден 12 720 гр.-нан аса ірі мөлшерде есірткі заты табылған, ал шаруа қожалығының үй-жайынан 13 дана қаптар тәркіленіп, ішінен жалпы салмағы 185 600 гр.-нан аса ірі мөлшердегі кептірілген «марихуана» табылған.

Сот отырысында әкесі өз кінәсін жартылай мойындаған, ал баласы кінәсін мойындамай, әкесінің есірткі затын сатумен айналысып жүргенін білмегенін айтқан.

Сот үкімімен екеуі 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жамбыл облыстық соты қорғау жағының шағымымен үкімді қайта қарап, үкімнің ұлына қатысты бөлігін өзгертіп, оның әрекеттерін қылмыстың жасалуына жәрдемдескен деп қайта саралаған (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы).

Көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау талаптарын қолданып, 20 жастағы сотталушыға қатысты қолданылған жазаны 4 жылға дейін азайтқан.

Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Осылайша, есірткі затының заңсыз айналымы үшін отбасының екі мүшесі бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысының соты

Тегтер: ЕсірткіЖамбыл облысыҚЫЛМЫСсот үкімі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты