• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда еліміздегі алғашқы кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды

turan_admin turan_admin
23.09.2021, 14:27
Облыс жаңалықтары
Жамбылда еліміздегі алғашқы кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды
138
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Сарысу ауданында кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және «Yildirim Group» компаниясының президенті Юксель Йылдырымның қатысуымен ірі жобаның іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Юксель Йылдырымның айтуынша құрылысы басталған «Qazaq Soda» ЖШС-нің кальцийленген сода өндіретін зауытының жылдық жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды, болашақта 1,2 миллион тоннаға дейін артады.

Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ доллары инвестицияланған, жоба 2024 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс кезінде 1000 адам, іске қосылғаннан кейін 1300 адам жұмыспен қамтылады.

Бұл Қазақстанның өзін ғана емес, бірқатар көршілес мемлекеттерді кальцийленген содамен қамтамасыз ететін заманауи зауыт болмақ.

 Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуға ниетті. Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасайды, қалдықтар қайта өңделетін болады.

– Бұл зауыт бауырлас ел экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді, негізінен 98-99 пайызы жергілікті тұрғындар болмақ. Энергия, су, шикізаттардың барлығы жергілікті жерден алынады. Жоба Орта Азиядағы ең ірі химия өндіріс орталығы болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылатын жоба үшін алғысымызды білдіреміз, -деді Ю. Йылдырым.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дүниежүзіне белгілі «Yildirim Holding» компаниясының басшылығына алғысын айтып, кальцийленген сода өндіру жобасы аймаққа басқа да инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретініне тоқталды.

Сарысу ауданы алқабилер алқасының төрағасы Серік Ақбасов ақсақал да өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

«Бұл елімізге келіп жатқан үлкен инвестицияның бірі. Ең бастысы жастарымыз үшін көптеген жұмыс орындары ашылмақ. Бұл жобаның Сарысу ауданы экономикасының дамуы үшін де маңызы зор болмақ. Сондықтан Мемлекет басшысына, Үкіметке тұрғындар атынан рахмет айтамыз. Бүгін іргетасы қаланып жатқан зауыт жұмысының алдағы уақытта жандануына тілекшіміз,-деді қария.

 Жол картасы бизнесті дамыту бағдарламасы арқылы 479,2 миилион теңге бөлініп, зауытқа электр күшін тарту жұмыстары басталды. Сонымен қатар, зауыт құрылысы жүретін нысанға теміржол және су тарту үшін тиісті құжаттар дайындалуда.

Ішкі нарықтағы сұраныс қанағаттандырылғаннан кейін екінші кезеңде зауыттың жобалық қуаттылығын жылына 1,2 миллион тонна содаға жеткізіп, қосымша 11 түрлі өнім шығарылып,  шетелдерге экспорттау көзделіп отыр.

Мамандардың бағалауынша, бұл зауыт еліміздің импорттық тәуелділіктен құтыла отырып, қазақстандық кальцийленген соданы Ресей мен бірқатар Орталық Азия елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.

 

 

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.