TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы (әрі қарай — Қор филиалы) бюджеті мен салынған айыппұл сомасы туралы ақпаратты Қор басшысының орынбасары Гайни Аймағанбетова жауап берді.
Филиалдың 2022 жыл бюджеті: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ары қарай — ТМККК) шеңберінде — 57 027 174 мың теңгені; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (ары қарай — МӘМС) жүйесінде — 41 297 613 мың теңгені құраған. 2023 жылға ТМККК шеңберінде — 65 600 134 мың теңгені, ал МӘМС жүйесінде – 49 466 055 мың теңгені құрайды.
Қор филиалының сарапшыларымен ТМККК және МӘМС бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне 2022 жылдың 12 айының қортындысымен 2023 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша, халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 91 мыңнан астам кемшілік анықталып, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 766 971,34 мың теңгені құрады.
Айта кетерлігі, қордың ағымдағы жыл бойынша даму көрсеткіштері келесі жағдайда қалыптасқан: ТМККК шеңберінде 2022 жылы 57 027 174 мың теңгені құрап 2021 жылға салыстырғанда 17,0 пайызға, оның ішінде алғашқы медициналық көмек 14,4 пайызға өскен. МӘМС жүйесінде 41 297 613 мың теңгені құрап, 2021 жылға салыстырғанда 19,6 пайызға ұлғайған. Оның ішінде консультативтік медициналық көмекке МӘМС жүйесінде – 35,4 пайызға, стационарлық көмек – 17,2 пайызға және медициналық оңалту – 19,7 пайызға ұлғайды.