• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді

03.04.2025
0
Бектенов цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді
60
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген экономиканы цифрлық трансформациялауға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту, цифрлық теңге арқылы бюджет қаражатын жұмсаудың қадағалануын және тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарлары қаралды. ҚР Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат Жұмағалидің қатысуымен қаржы экожүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, тұтынушылар құқығын қорғау, алаяқтық транзакциялармен күресу шаралары талқыланды.

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов қаржы инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктерін – банкаралық төлем карточкалары жүйесін, Open API, Антифрод-орталық, цифрлық теңгені дамыту тәсілдерін ұсынды. Бүгінгі таңда Банк жүйелері арқылы еліміздегі барлық төлем айналымының 90%-ын және цифрлы биометриялық сәйкестендіруге 30 млн-ға жуық сұранысты өңделуде. Антифрод-орталық уақтылы бұғаттаған заңсыз транзакциялар көлемі 2 млрд теңгені құрады, жалпы 36 мыңнан астам оқиға анықталды. Технологиялық платформаға 108 ұйым, оның ішінде барлық екінші деңгейлі банк, ірі төлем ұйымдары мен микро қаржы ұйымдары қосылған. Сондай-ақ биылғы шілде айында екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, QR арқылы банкаралық төлем қызметін іске қосу жоспарланып отыр.

Мемлекет қаражатының жұмсалуын қадағалау мақсатында 2024 жылы іске қосылған цифрлық теңгені қолданатын пилоттық жоба барысы талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали цифрлық теңге жобасы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салаларда сынақтан өтіп жатқанын айтты. Бүгінде барлығы 250 млрд-қа жуық цифрлық теңге айналымға енгізілген. Әзірлеушілер әр ақша бірлігіне бірегей цифрлық белгілерді байланыстыруды қарастырады, бұл қаражаттың бөлінуден бастап толық игерілуіне дейінгі барлық кезеңде қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған әдістің АӨК-тегі  тиімділігі Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысында қаралды. Арнайы бағдарламаланған цифрлық теңге фермерлердің мал басын сатып алуына несие беру кезінде пайдаланылды әрі жалған мәмілелер мүмкіндігін жойып, процестің толық ашық өтуін қамтамасыз етті.

Бекітілген Жол картасы шеңберінде жобаны іске асыру биыл Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында теміржол және автомобиль жолдарын салу кезінде жалғасады. Айта кету керек, отандық кәсіпкерлер апробацияға өз еркімен қатысады, бұл олардың Open Book қағидаты бойынша бизнесті ашық жүргізуге бейілділігін көрсетеді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: КЕҢЕСҚР ҮкіметіОлжас Бектеновцифрлық теңге

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты