• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда бір жылда 15 спорт кешені, 92 алаңша салынған

turan_admin turan_admin
17.08.2021, 10:37
Облыс жаңалықтары
Жамбылда бір жылда 15 спорт кешені, 92 алаңша салынған
134
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды.

— Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы көрсеткіші туралы тоқталып, кейбір кемшіліктерге назар аударып, бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Біздің облысымыздағы дене шынықтыру мен спорт саласының даму көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасып отыр, — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 33,5 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өскен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға жеткізу көзделуде.  Облыс бойынша 2725 спорт нысаны  жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда барлық оқу-жаттығу жиындары карантиндік санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Спорттық шаралар ашық аспан астындағы алаңдарда өтуде.

— Өткен жылдың өзінде облыста 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 92 спорт алаңшасы салынды. Жаңа нысандарда 84 спорттық сексия ашылған. Бірақ барлық нысандар таңертеңнен кешке дейін ашық деп айта алмаймыз. Балалар демалыс күндері оларға кіре алмайды. Сонда біз бұл нысандарды кім үшін салдық? Балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізуі керек. Олардың ойнайтын, спортпен айналысатын және демалыстарын пайдалы өткізетін орындар жеткілікті. Тек бұл бағыттағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет, — деді Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне.

Аудан әкімдері, спорт мектептерінің директорлары жаттықтырушылардың еңбек демалысында екенін айтып, ақталды.

— Балалардың өздеріне ыңғайлы уақытта келе алатындай етіп дене шынықтыру — сауықтыру кешендерінің жұмыс кестесін жасаңыздар. Спорт, мәдениет, білім бөлімдері бірлесіп, мектептердегі акт және спорт залдары бос болмайтындай іс-шаралар жоспарын құру керек, — деп талап етті облыс әкімі.

Нұрбол Жүнісбеков барлық ауылдық округтерді спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру үйірмелерін ашу қажеттігін алға тартты. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне бұл мәселелерді шешуді тапсырды. Бердібек Сапарбаев салалық басқарманың республикалық спорт федерацияларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау керектігіне назар аудартты.

Бердібек Сапарбаев салалық басқарманың республикалық спорт федерацияларымен, барлық спорт мектептерімен, әсіресе ауылдық жерлермен тығыз байланыста болу керектігін атап көрсетіп, таланттардың көпшілігі сол жақтан шығатынын тілге тиек етті. Аудан әкімдері мен дене шынықтыру және спорт басқармалары демеушілерді тарта отырып, «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» жобалары аясында жұмыс жасауы керек.

— Токиодағы Олимпиада ойындарына Жамбыл облысынан 5 спортшы қатысты. Жерлесіміз Елдос Сметов қола жүлдегер атанып, Қазақстанға алғашқы медальді әкелді. Оның жеңісі жүздеген болашақ чемпиондарды стадионға жетелейтініне сенімдімін. Мектептерде Елдос Сметов секілді спортшылармен кездесулер ұйымдастыру қажет, — деп  түйіндеді облыс әкімі.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.