Тараз қалалық №2 сотының судьясы Бағдат Төребекұлының төрағалық етуімен «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» басшысының орынбасары қызметін атқарған Мақсат Заурбеков, «Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған Нышанқұл Нұрмолдаев, «Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған Ерлан Орумбаев және басқа да кәсіпкерлерге қатысты сот процесінің үкімі шықты деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
Тергеуде анықталғандай шенеунік және оған қарасты мекеме басшылары өздеріне тапсырылған мемлекеттік мүлікті талан-таражға түсіріп мемлекетке 25 миллион теңге шамасында залал келтірген. Нақты айтатын болсақ, темір бетонды орам және сілтеуіш діңгектер орнатылмағандығы анықталған. Сот шешімі бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы Мақсат Заурбековке, Нышанқұл Нұрмолдаевқа түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және «жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын мәжбүрлі еңбекке тартылсын», Ерлан Орумбаевқа 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып және «жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын мәжбүрлі еңбекке тартылсын» деген жаза тағайындалды.