Жалпыреспубликалық «Халықтық заңгер» акциясы аясында Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және түрлі сала қызметкерлері Т.Рысқұлов ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шара барысында аудан, ауыл жұртына тегін кеңестер берілді. Қабылдауға «Халыққа қызмет көрсету» орталығының қызмет көрсетуіне шағым айтып аудан тұрғындары келді.
Жеке куәлікті жинақтап, талонды уақытылы бермейтінін айтылды. Жоба қызметкерлерінің араласуымен талон беріліп, тиісті сала мамандарына ескерту берілді.
Сонымен бірге, Б.Дәулеткелдиев деген азамат сапалы қызмет ала алмай жүргенін, жүргізуші куәлігін ауыстыруға айлап құжат тапсырса да, жете алмай жатқанын, кредиттен жеңілдікке іліккен, ілікпегенін біле алмай, банк пен ауыл әкімдігі, халыққа қызмет көрсету орталығының ортасында сергелденге түскенін айтты.
Жоба қызметкерлерінің араласуымен жүргізуші куәлігінің бүгін келгені мен кредитке жеңілдікке іліккендердің тізімінде бар екені анықталды. Осылайша акция аясындар тұрғындар талабы тыңдалып, кей мәселелері шешімін тапты. Алдағы уақытта «Халықтық заңгер» акциясы өзге аудандарда да жалғасатын болады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі






