• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының үздік ұстаздары марапатталды

turan_admin turan_admin
09.12.2021, 12:30
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының  үздік ұстаздары марапатталды
496
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай  «Баласағұн» орталық концерт залында «Тəуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты өңірлік ұстаздар форумы өтті.

Шараға қатысушылар алдымен орталық концерт залының фойесінде әзірленген ұстаздардың қолынан шыққан ұлттық қолөнер жəне сəулеттік макеттер көрмесімен танысып, ғылыми жобаларды тамашалады.

Форумға оқу орындарының, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Тараз қалалық жəне аудандық білім мекемелерінің басшылары мен мұғалімдері қатысты. Концерттік бағдарламамен өрбіген басқосу барысында  облыс мұғалімдерінің отыз жылда жеткен жетістігі арнайы бейнероликтер арқылы көрермен назарына ұсынылды.

Атап айтсақ, тəуелсіздік жылдары білім саласына ерекше көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі 74,4 есеге өскен. Сонымен бірге, тəуелсіздіктің алғашқы жылдары облыста 30 ғана мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істесе, бүгінгі таңда олардың саны 551-ге жетіп, 18,4 есеге артқан. Оның 416-сы балабақша, 135-і шағын орталық. Онда 56 981 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ал білім берумен 50 бастауыш, 32 негізгі, 361 орта мектеп айналысуда. Бұл білім мекемелерінде бүгінгі таңда  238713 оқушы білім алуда. 1991 жылмен салыстыратын болсақ, облысымызда жалпы білім беретін мектептер саны 37-ге өсіп, бүгінде ол 443 мектепке жеткен. Бұдан бөлек, облыстағы 26 жекеменшік мектепте 5527 бала оқуда.

Оқушылардың халықаралық, дүниежүзілік, республикалық пəн олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда жеткен жетістіктері де қуантарлық. Биыл оқушыларымыз республикалық пəн олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарыстарында командалық есепте 12-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Тəуелсіздік жылдары аталған білім додасында 4666 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, жүлдегер атанған. Соның бірі Тұңғыш Президентіміз-Елбасының «Ел Үміті» бастамасының шеңберінде өткізіліп жатқан «Мың бала» олимпиадасында соңғы 2 жылда 159 оқушы жүлдегер атанса, «Елбасы» медалі жобасында 143 оқушы қола, 4 оқушы күміс медальдарды иеленген. Жалпы тəуелсіздік жылдары Қазақстан құрама командасының дүниежүзілік пəн олимпиадаларындағы медальдар саны бойынша рейтинг көрсеткішінде біздің облыс командасы республикада үштікті түйіндеп тұр. Жалпы оқушылардың жетістігі мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

Осы тұрғыда оқушылардың жеткен жетістігінде ұстаздардың үлесі зор. Педагогтардың мəртебесін көтеру, біліктілігін арттыру мақсатында облыстың 2 педагогы елімізде тұңғыш берілген «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иелен. Бұдан басқа да мұғалімдердің түрлі халықаралық, дүние жүзілік олимпиадалар мен ғылыми байқауларда жеткен жетістіктері де назардан тыс қалмады.

Қазір облыста 40 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Олардың 23989-ы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша лауазымдық 30 пайыз қосымша үстемақы жалақысына ие болған. Осы жəне басқа да ұстаздардың  жетістіктері форум аясында ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бейнероликтерде көрініс тапты.

Форумда ұстаздар қауымын облыс əкімі Бердібек Сапарбаев тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

—        Дүниедеге ең мəртебелі, абыройлы мамандық, ол – мұғалім. Елбасы айтқандай, еліміздің болашағы жастардың қолында. Жастарға білім, жақсы тәрбие беретін ұстаздар. Сіздер тәрбиелеген жастар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде экономикамыздың тұрақтануына, ғылымымыздың дамуына, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің артуына, ауыл шаруашылығы мен өндірістің дамуына өз үлестерін қосуда. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің  болашағы сіздер тəрбиелеген тəрбиелі, білімді азаматтар арқылы дамып, өркендей бермек. Шынын айту керек, адамды адам ететіп тəрбиелейтін ол – ұстаз. Жалпы педагогтарға кейінгі жылдары жасалып жатқан қолдау баршылық. Алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мəртебесін анықтап берді, — деді аймақ басшысы.

Осыдан кейін облыс əкімі облысымызда тұңғыш рет педагогтардың əлуметтік мəртебесін көтеру мақсатында  ел тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» деген медаль мен 875100 теңге мөлшеріндегі сыйақыны облыстың үздік деп танылған ұстаздарына тапсырды. Бұл құрметке Тараз қаласындағы №9 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Сайра Мұқанова, Жібек жолы мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Баян Жанкиева (Шу ауданы), Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі Рауан Ошақбаев, М.Төлебаев атындағы Балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы Сəуле Маманова (Жамбыл ауданы) мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мейрамкүл Мамырова ие болды.

Форум аясында жас ұстаздар облыс ұстаздарының Үндеуін жолдады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.