• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
13.09.2026, 00:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы Мырзахметовке берілді

turan_admin turan_admin
15.12.2020, 15:23
Облыс жаңалықтары
«Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы Мырзахметовке берілді
487
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дүйсенбі, 14 желтоқсан күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Онда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады.

— Ағымдағы жылы біз бірлескен еңбегіміздің арқасында қандай жетістіктерге қол жеткізгенімізді білесіздер. Ең бастысы жақсы қарым-қатынас орната алдық. Сіздердің сенімдеріңіз күш-жігер береді. Егер біз әрі қарай да осылай жұмыла жұмыс істейтін болсақ, жамбылдықтардың әл-ауқаты арта түсері сөзсіз. Мен сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, денсаулық, табыс және бақ-береке тілеймін, — деді өңір басшысы.

Бұдан соң облыс әкімі аймақтың дамуына үлес қосқан жамбылдықтарға наградалар тапсырды.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов және М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Мұхабат Тұрдыева марапатталды.
Ал, «Құрмет» ореніне «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, «Агрофирма Түрікпен» ЖШС Бас директоры Бауыржан Әбілдаев, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әртісі Анна Вундер, «Altais Group» ЖШС президенті Әлімбек Жұмабаев, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының директоры Айжан Мейірханова, Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы Ерғали Тілеубеков және еңбек ардагері Щорс Шарафутдинов ие болды.

Сондай-ақ, II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін облыс әкімінің қолынан «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің бас инженері Мұхамедияр Әріпбаев, «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ филиалы Шу локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Төлеген Барлыбаев, «Қызыл-Дихан қожалығы» өндірістік кооперативінің механизаторы Николай Ивкин, «Игілік» көпсалалы кәсіпорнының краншысы Рысқали Майсупов және «Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауыты аммофос цехының аппаратшысы Дүйсен Шынқожаев алды.

«Халық алғысы» медалімен Талас полиция бөлімшесі изоляторының бастығы Бекболат Егеубаев, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіров, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Анар Сағымбекова, Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Сейдазимов және «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі Михаил Те марапатталды.

Сонымен қатар, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Асқар Мырзахметовке, медицина ғылымдарының докторы, облыстық көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Сағындық Ордабековке, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері Мұхтарбай Рахманқұловқа, «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» және «Шолақтау» филиалдарының директоры Мұратқали Сәрсеновке және Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейділдә Байшақовқа берілді.

Өз кезегінде Асқар Мырзахметов жамбылдықтарға ыстық ықыласы мен көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдірді.

— Маған әлі күнге дейін облыс тұрғындарынан алғыс-лебіздер түсуде. Әрине бұл мен үшін өте жағымды. Біз бірлесе отырып облыс үшін көп іс тыңдырдық. Алда тек жақсылықтар болады де сенемін. Марапат үшін рахмет, бұл мен үшін үлкен мәртебе, — деді ол.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облыста «Үлгілі ауыл» байқауы өткен болатын. Ол ең жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген үлгілі ауылды анықтау мақсатына негізделді. Салтанатты шарада аталған байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаз болып Қордай ауданының Кенен ауылы атанды. Аймақ басшысы ауыл әкімі Нұркен Жаманкөзовке жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, құттықтады.

Кеш бағдарламасы К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының ұжымы әзірлеген мерекелік концертке ұласты

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.