• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысының әкімі Талас ауданындағы нысандарды аралап, тұрғындарды тыңдады

21/06/2022
0
Жамбыл облысының  әкімі Талас ауданындағы  нысандарды аралап, тұрғындарды тыңдады
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Талас ауданына жұмыс сапары Бостандық ауылындағы «Зерхат» шаруа қожалығымен танысудан басталды. Аймақ басшысына мұнда ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер баяндалды.

Аудан бойынша егістіктікке жататын жердің көлемі 21643 гектарды құраса, оның 76 пайызы игерілуде. 220 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген.

2022-2025 жылдары салада жалпы көлемі 3 млрд. 54 млн. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Субсидия беру, техникаларды жаңарту, су каналдарын тазалау, балық шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынып жатқан шаруалар да баршылық.

Облыс әкімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді, субсидияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, ол бойынша ауылдық округ әкімдері түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізу керектігін жеткізді.

— Әр ауыл бір бағытта жұмыс істесе, ұтарымыз көп болады. Өнім өндіру және өткеруде оның мүмкіндігі мол. Біз шаруалардың мәселесін шешуге қол ұшын беруге тиіспіз. Бірақ, оның қайтарымы болу қажет. Ауыл әкімі барлық ауланы, кәсіпкерлік пен шаруаларды аралап, жай-күйінен хабардар болуы керек,-деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде «Зерхат» шаруа қожалығының басшысы көкөніс сақтау қоймасы мен жылыжай салуға ниетті екенін, ол үшін электр энергиясын тартуға көмектесуді сұрады. Бұл мәселе назарға алынатын болды.

Бұдан соң аймақ басшысы аталған ауыл тұрғыны Серік Мәдиевтің ауласына ат басын бұрды. Ол өзінің үй іргесіндегі шағын аумақты тиімді пайдаланып, айтарлықтай табысқа кеңеліп отыр. Бұл ісі – көпке үлгі.

Облыс әкімі осында бір топ ауылдықтармен кездесті. Жергілікті тұрғындар балабақшаны кеңейту, жайылым, қоқыс мәселелерін көтерді.

Ауыл ауыз сумен қамтылған десек, көгілдір отын жететін күн де алыс емес.

— Біз ең алдымен қоғамдық жайылым мәселесін шешу керекпіз. Мал басы көп шаруалар төрт-түліктерін ауылдың сыртына апарып жайғаны дұрыс.

Ал, балабақша мәселесі жекеменшік есебінен шешілуі қажет. Мемлекет тарапынан қажетті қолдаулар көрсетіледі.

Сол секілді қоқыс мәселесін шешу де ауыл тұрғындарының өзіне байланысты. Бұл ретте бір арнайы мекемемен жұмыс жасап, барша тұрғындар ортақ келісімге келіп, тиісті төлемді уақытылы аударып отыру маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.

Келесі кезекте аймақ басшысы Ақкөл ауылына барып, әлеуметтік, медициналық, білім нысандарының жай-күйімен танысты.

Ауылда орналасқан №6 Талас аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында қазіргі таңда 200 ем алушыға қызметтер көрсетілуде. Онда 170-тен астам адам еңбек етуде десек, олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Орталық басшылығы мекеме іргесіндегі бос тұрған ғимаратты жаңғыртып, қызметкерлерге арналған жатақханаға айналдыру үшін қолдау көрсетуді сұрады.

Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясында облыс әкіміне ауданның денсаулық сақтау саласында көрсеткіштер мен жоспарлар туралы баяндалды.

Бүгінде Үшарал ауылында ауысымына 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталса, 30 келушіге арналған дәл осындай нысанның құрылысы Есейхан ауылында басталған. Кадр тапшылығын шешу, медициналық нысандардың жылыту жүйесін газға ауыстыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да назарға алынды.

Ал, 1970 жылы негізі қаланған «Ақкөл» орта мектебі күрделі жөндеуді қажет етеді. ЖСҚ дайындалған. Оқу ордасының маңыңдағы бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесіп, ой-ұсыныстарын тыңдады.

Аймақ басшысы білім ордасында бірде-бір «педагог-шебер» санатындағы ұстаздың жоқтығын сынға алды. Білімнің сапасын арттыру үшін әр мектепте кемінде бір «педагог-шебер» болуы керектігін ескертті.

Сондай-ақ, психологтардың оқушылармен жұмысының маңыздылығына тоқталды.

— Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, психолог әр оқушыны күніге мектеп есігінен күтіп, олардың көңіл-күйін бағып отыруы тиіс. Өзгешелік байқалған балалармен сол күні жекелей жұмыс жүргізуі керек.

Қазір көп ата-аналар жұмысбасты, уақыттары тығыз. Сондықтан психологтар ата-аналармен жақын байланыс орнатып, олардың өз балаларымен кешкілік бір уақыт «Сағыныш сабағын» өткізуге, яғни жылы шырайда көңіл бөлуге, әңгімелесіп отыруға шақыру қажет. Бұл жұмыстар аудан, облыс деңгейінде қолға алынса өз нәтижесін береді деп ойлаймын,-деді Нұржан Нұржігітов.

«Talas Investment Company» ЖШС жұмысымен және индустриалды аймақпен, «Билікөл» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысымен, «Қаратау-ПРО» ЖШС мен «Игілік» МКҚК жылу қазандығының қызметімен танысқан облыс әкімі олардың өзекті мәселелерінен де хабардар болды.

Бұдан бөлек жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Қаратау қаласындағы Д.Нұрпеисова көшесінде жаңадан соғылған спорт алаңшасына барып, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің және №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.

Сонымен қатар, Талас аудандық орталық ауруханасында, «Астана» бөбекжай бақшасына ат басын бұрып, Қаратау қаласындағы бос тұрған №5, №6 жатаханаларды және «Казфосфат» ЖШС-ның демеушілігімен қайта жаңғыртудан өткен Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №15 көпқабатты үйді көрді.

Спорт, білім, инфрақұрылым салалаларындағы көрсеткіштерге, газдандыру, ауыз су тарту жұмыстарына қанықты.

Облыс әкімінің аудандағы жұмыс сапары актив жиынында түйінделді. Басқосу барысында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек есеп берді.

Аймақ басшысы жайылым мәселесін шешу, субсидия алу, тұрғындардың табысын арттыру, инвестиция тарту бойынша салалық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен жеке-жеке жауаптар алып, бірқатар кемшіліктерді ашып көрсетті.

— Ең бастысы – тұрғындардың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту. Бұл орайда мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін өздеріңіз жете түсініп, ауыл тұрғындарына жеткізу керексіздер. Оларға сол жеңілдіктерді пайдалануға ықпал етіп, көмектесіңіздер. Ауылдағы барлық аула мен кәсіпкерлікті, шаруашылықтарды аралап, талдау қажет. Округ әкімдіктері жергілікті тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын болғандықтан, көп дүние соларға байланысты.

Біз жұмысқа деген көзқарасымызды өзгертпесек, нәтижеге жете алмаймыз. Жалпылама жауап беруге үйреніп қалғанбыз, нақты жауап, нәтиже жоқ. Әрқайсымыз өзіміздің функционалдық міндеттірімізді толығымен орындасақ, көп мәселе шешілер еді.

Бюджеттің қаражатын игеріп, жұмыс істедік деп есеп беруге болмайды. Инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын құру жолдарын қарастыру керек. Әр отбасында кемінде бір адамының тұрақты табысының болуы маңызды,-деп қорытындылады өз сөзін Нұржан Нұржігітов.

Дереккөз-Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14/08/2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14/08/2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28/02/2020
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05/12/2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26/03/2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24/03/2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13/07/2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Кәсіпкерлер үстеме ақы қойып отыр . Әлихан Смайылов қантпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

Кәсіпкерлер үстеме ақы қойып отыр . Әлихан Смайылов қантпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

25/06/2022
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды

Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды

25/06/2022
Жамбыл облысы әкімі Үлкен Сұлутөр, Ноғайбай ауылдарындағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Жамбыл облысы әкімі Үлкен Сұлутөр, Ноғайбай ауылдарындағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

25/06/2022
Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

25/06/2022
Нұржан Нұржігітов Қордайдағы ауыл тұрғындарымен кездесті

Нұржан Нұржігітов Қордайдағы ауыл тұрғындарымен кездесті

25/06/2022
Жамбыл облысы әкімі Қордай ауданындағы шаруа қожалықтар мен құрылыс нысандарын аралады

Жамбыл облысы әкімі Қордай ауданындағы шаруа қожалықтар мен құрылыс нысандарын аралады

25/06/2022
Министрлік журналистерді қолдау қорын құра алмайды – Омаров

Министрлік журналистерді қолдау қорын құра алмайды – Омаров

25/06/2022
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2022. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2022. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz