• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының әкімі тұрғындарды қабылдады

turan_admin turan_admin
18.02.2020, 22:44
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының әкімі  тұрғындарды қабылдады
583
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

18 ақпан күні тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көптеген әлеуметтік мәселелерге баса назар аударды. Бір күнде 65 азаматтың өтініш-тілегіне құлақ түрген өңір басшысы көтерілген мәселелер тиісті заңдарға сәйкес реттелетінін айтты.

Жамбылдықтар көтерген мәселелер негізінен тұрғын үй, жер телімдерін беру, шаруашылық дауларды шешу және басқа да аспектілерге қатысты болды.

Тұрғын үй мәселесі тиісті заңдармен реттелетінін атап өткен облыс әкімі пәтер бөлу кезегін жылжыту да белгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатынын баса айтты.

Меркі ауданы Сұрат ауылының тұрғындары жергілікті шаруа қожалық басшыларының бірі  белден басып, шектен асқан іс-әрекетін өңір басшысына жеткізбек болып, шағым айта келген екен. Сұраттықтардың айтуынша, шаруашылықтың басшысы жер иелеріне ескертпей, оларға тиесілі жер телімдерін өз атына заңдастырып алған. Бердібек Сапарбаев егер заң бұзушылық анықталса, бұл мәселемен облыстық прокуратура айналысатынын атап өтті. Облыс әкімі Меркі ауданына барған іс-сапары кезінде тұрғындардың осы шағымын егжей-тегжейлі талдау жасайтынын жеткізді.

Берік Уәлиханов Меркі ауданында орналасқан Кенесары ескерткішіне  байланысты туындаған түйткілді тиімді шешіп беруді сұрады. Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы мектептердің біріне Кенесары ханның есімін беру туралы ұсыныс көтерді.

Білім саласының ардагері Камиля Қожықова саланы дамыту үшін бөлінетін қазына қаржысы тиімді жұмсалуы керек деп есептейді. Ол мұндай жағдай Талас аудандық білім бөлімінде көрініс тауып, қаражатты мақсатсыз жұмсау сияқты әрекеттер орын алып отырғанын тілге тиек етіп, осы мәселені алға тартты.

Облыс орталығындағы «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғындарының тілек-өтінішін жеткізе келген Рахатгүл Итқұлова көпқабатты үйлердің арасына шағын бизнестің заңсыз нысаны соғылып жатқан  фактісі орын алғанын жеткізді.

Ольга Пименова Тараз қаласының шегінде балаларға арналған су айдынындағы арнайы демалыс орындары ашылса деген тілегін айтты. Ал Мұсатилла Тоханов өңір басшысынан мейіз бен өрік өнімдерін дайындау бойынша жобаны жүзеге асыруға көмек көрсетуді сұрады.

Әлеумет көтерген мәселелер бойынша жауапты салалық басқармалар мен әкімдіктердің басшылары тұрғындардың өтінішіне орай тиісті жауап беру үшін шақырылған еді. Осы тәсілдің арқасында көптеген мәселелер қабылдау барысында шешілді. Азаматтардың тілегін орындауды, түйткілдерді тиісті заң шеңберінде шешу үшін облыс әкімі оны жеке бақылауына алады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.