• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 04:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

turan_admin turan_admin
17.02.2020, 23:09
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
899
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың облыстық Қоғамдық кеңес алдындағы есебі жаңа форматта өтті. Жиын ұзын-сонар баяндамасыз,   сұрақ-жауап диалогы ретінде өрбіді.

Б.Сапарбаев өз сөзінде алдымен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына қысқаша тоқталып, өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 105,5 пайызды құрағанын, ал көптеген көрсеткіштер бойынша Жамбыл өңірі республикада үздіктер қатарынан көрінгенін атап айтты.

Өңірдің әлеуеті үлкен, барлық мүмкіншіліктерді ұтымды ұқсата алсақ ұтылмасымыз анық. Атап айтқанда, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуда мемлекеттік қолдауды кеңінен пайдалана білсек, аграрлық сектордың дамуына қосымша серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, 300-ден 500 миллиард теңгеге дейін тартылатын инвестиция көлемін арттыру, зауыттарды белсенді іске қосу, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, ірі жобаларды жүзеге асыру маңызды.

Жиында шағын және орта бизнесті дамыту барысына айрықша көңіл бөлінді.  Бұл орайда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділіктерін кеңінен пайдалану керектігі айтылды. Ендігі кезекте оқыту  курстары жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес жүзеге аспақ. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың мәселесін де шешу назарға алынбақ.

Салық салу базасын нақты әкімшілендіруді және кеңейтуді талап етсе, тиісті құрылымдарға коммуналдық қызметтерге шынайы тарифтерді қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет.

Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға тұрғындар үшін спорттық және мәдени нысандардың барынша қолжетімді болуын және жастарға арналған үйірмелер мен секциялар құруды тапсырды.

Одан кейін  өңір басшысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің түрлі салаларға қатысты сұрақтарына жауап берді. Мысалы, ардагер Қайрат Шотбақов «ЖЭО» АҚ-ны жаңғыртуға, қызылша саласын қалпына келтіруге және шағын бюджеттік қант зауыттарын салуға назар аударуды сұрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы және Жамбыл облыстарының елімізді өз қантымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар екендігін айтып, нақты міндеттер жүктеген болатын. Өз  жауабында  Елбасы тапсырмасын тілге тиек еткен Б.Сапарбаев осы бағытта жұмыс жасалынатынын жеткізді.

Талас ауданынан келген Айхимбек Бектаев Талас өзеніндегі су тапшылығына шағымданып, Байзақ және Талас аудандары шекарасындағы шағын су қоймасы құрылысының жобасын қайта жандандыруды, Қаратау қаласындағы иесіз пәтерлердің мәселесін шешуді ұсынды. Атжан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан Т. Рысқұлов ауданының бес ауылын газдандыру, Тараздағы «Көктем» және «Арай»алқаптарында мектеп салу мәселесін көтерді. Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесінің басшысы Сейітхан Жұмашев жергілікті пошташылардың жалақысын, орталық аудандық ауруханада медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруды ұсынды.

Сондай-ақ, мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Заир Юлдашовтың сұрағына жауап берген өңір басшысы бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктері үшін әлеуметтік қызметтер порталы пилоттық режимде жұмыс жасап отқанын, мүгедектік тобын анықтау үшін сырттай куәландыру тәжірибесі кеңінен пайдаланылатынын атап өтті. Квота талаптарын елемейтін жұмыс берушілер тиісті қаражатты жұмыс орындарын құрумен айналысатын арнайы қорға аударатын болады.

Жастар көшбасшысы Исламбек Дастан қоғамдық көліктің автобус паркін жаңарту, ХҚКО ғимаратындағы қолайсыздықты шешу және көп балалы аналарға арналған жатақхана салу мәселелеріне назар аудартты.

— Қостанайда жақсы отандық автобустар шығарылады. Оларды лизинг шартымен сатып алу мәселесін қарастырамыз. Көп балалы отбасыларға арналған жатақхананың құрылысы жалғасады, келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін ХҚКО ғимараттары тексерілетін болады, — деп жауап берді аймақ басшысы.

Облыстық мәслихаттың депутаты Масат Берік жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын жандандыру арқылы өз деңгейіндегі түрлі мәселелерді шешуге болатынына тоқталды.

Мәдениет саласының ардагері Әлібек Әмзеев Талас ауданының тұрғындарының тілегін жеткізіп, шалғай ауылдарда  қасқырлардың кейінгі кездері тым көбейіп кеткендігін алға тартып, қасқырларды ату квотасын арттыру туралы өтініш білдірді.

«Дніпро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Федор Клименко Жамбыл футболын дамыту және бұрынғы даңқын жергілікті «Тараз» ФК қайтару мәселесіне тоқталды.

Барлық сұрақтарға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев толық жауап беріп, өз орынбасарлары мен салалық басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

«Сіздердің барлық өтініштеріңіз назарға алынады. Көтерген сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыз азаматтардың сұраныстарына негізделіп отыр. Сондықтан біз  бұл мәселелердің әрқайсысымен мұқият жұмыс жүргізетін боламыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.