• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының әкімі көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін ескертті

turan_admin turan_admin
27.04.2022, 10:41
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының  әкімі көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін ескертті
237
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 760 мың гектарға егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 9,2 мың гектарға ұлғайды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов көктемгі дала жұмыстарының орындалуы, суармалы су мәселесінің шешілуі бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, жоспарлы 106,4 мың гектардың 107,1 мың гектарында жер жырту жұмыстары басталған, 409,5 мың гектар алқапта дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 214,6 мың гектар алқапқа жаздық масақты дақылдар, 34,5 мың гектарға көп жылдық шөп және 36,6 мың гектарға көкөніс дақылдары, 58,0 гектар алқапқа майлы дақылдар,  2,7 мың гектарға қызылша, 15,7 мың гектарға  бақша, 8,8 гектарға дәндік жүгері және 8,0 мың гектарға картоп себілген.

Басқарма басшысы тыңайтқыштар жеткізу, техникаларды барынша жұмылдыру, жанар-жағармаймен қамту шаралары ойдағыдай орындалып жатқанын жеткізді.

—  Ұзындығы 478,6 шақырымды құрайтын 122 каналда 1 393 шаруа бірігіп тазалау жұмыстарын жүргізді. Су тапшылығы бар аудандар жер асты суының әлеуетін толығымен пайдалану мақсатында 2022-2024 жылдар аралығында 646 ұңғыма қазу жоспарланған. Қазіргі уақытта 182 ұңғыма қазуға өтінім түсіп, Меркі, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Қордай және Жуалы аудандарында жаңа 71 ұңғыма қазылып, 3,1 мың гектар алқап сумен қамтылды,-деді Е. Жиенқұлов.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұратхан Шүкеев бүгінгі таңда «Жамбыл су қоймалары» КММ-сі  теңгеріміндегі 105 су қоймаға су толтыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жалпы жобалық сыйымдылығы 130,25 млн. текше метрді құрайтын аталған қоймалардағы (2022 жыл, 22 сәуірдегі ақпарат бойынша) судың жиналу көлемі орта есеппен 71,3 пайызға жеткен.

«Қазсушар» Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Ғалия Зарубаева каналдарды тазалау, гидроқұрылымдарды жөндеу шараларына тоқталды. Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың вегетациялық маусымында барлық су көздерден шамамен 880,0 млн. текше метр  су алынып, 120,0 мың гектар суармалы алқапты суару жоспарлануда екенін жеткізді.

Облыс әкімі су жүйелерін тазарту, жөндеу жұмыстарына баса көңіл бөліп, су қоймаларының құрылысына айрықша назар аударды. Аймақ басшысы бірқатар мәселелер бойынша басқарма басшылары мен аудан әкімдерінен жауаптар алды.

— «Жұмыс істеп жатырмыз, қатырамыз» деген құрғақ сөз, жалпылама жауап қабылданбайды. Нақты нәтиже керек. Аудан, ауыл әкімдері шаруалармен тікелей байланыста жұмыс істеуі тиіс. Су қоймаларының толтырылуын басты назарда, бақылауда ұстаңыздар. Вегетациялық кезеңде су үздіксіз берілуі қажет. Қалпына келтіру, жөндеу шараларының және көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалаңыздар,-дей келе Нұржан Нұржігітов жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аппараттық кеңесте жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс мәселесі де қаралды.

Дереккөз Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.