• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысының әкімдері. Серік Үмбетов.

20.01.2017
0
Жамбыл облысының әкімдері. Серік Үмбетов.
858
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ел болып еңсе түзейміз деген шақта күрделі көрінген әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың да басы қылаң бере бастады. Бұл 1999 жыл еді. Дәл осы жылдың ақпанында облыс басшылығына Серік Үмбетов келді. Бірдей бір облысты кім көрінгеннің басқара бермейтіні ақиқат. Серік мырза да саяси сауатты тұлғалардың бірі еді. Алатау бөктері тумасының біздің өңір үшін еш жаттығы жоқ болатын. Мәселен, ол Қордай ауданындағы Красногор савхоз-техникумында білім алған. Кейініріек Алматы зоотехникалық-мал дәрңгерлік тәмамдаған. Еңбек жолында кеңшарларда бригадир, қой фермасының меңгерушісі, бас зоотехник, партия комитетінің хатшысы секілді қызметтерді атқарған. Одан кейін кеңшарлардың директоры, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, Күрті ауданы әкімшілігінің басшысы, Алматы облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Алматы облысының әкімі, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары секілді лауазымдарда болған. Осындай біршама белестерді артқа тастап, сан саланың сүрлеуінен өткен ол біздің облысқа ердің жасы елуді еңсерген тұсында келді.
Қаншама қызметте болып, тірліктің тозаңына төтеп беріп, тәжірибесі толысып келген оны Жамбыл облысында жайбарақат тіршіліктер мен оралымды шаруалар күтіп тұрған жоқ еді. Серік Әбікенұлы нағыз дағдарыстың титықтап тұрған шағында келді десекте болады. Облысты тізгінін ұстаған күннен бастап ол тынбастан шалғайдағы Мойынқұм мен Сарысудың, Шу мен Таластың, Меркі мен Қордайдың, Байзақ пен Жамбылдың, Жуалы мен Құлан өңірінің төрт түлігі селдіреп қалған, егістік алқаптарыны тусырап жатқан, шаруаларының қисыны кеткен ауылдарын аралады, тұрғындарымен кездесті. Және оларды жігерлендірді, басшылардың басын қосып қисыны кеткен тірлікті жолға қоюдың жолдарын ақылдасты. Бір айта кетерлігі, Серік Үмбетоа қай ауылға барса да ауыл ақсақалдарын жиып, әңгіме дүкен құра отырып, олардың батасын алды. Және шаруа жайының жөнін сұрады. Осындай азаматтық ісінің арқасында ол әр аудан мен ауылдың басты-басты ақсақалдарын танып-біліп, жұмыс сапарлары барысында оларға арнайы бұрылып сәлем бергеніне былайғы жұрт талай куә болған.
Серік Әбікенұлы аймақты басқарған бес жылында қолданған пәрменді шараларының нәтижесінде облыстың бюджет қоры 5,5 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге дейін, яғни 4 есеге ұлғайды. Нақ осы жылдарда халық жүйелі түрде жалақылары мен зейнетақыларын, жәрдемақыларын айма-ай ала бастады. Өнеркәсіптің бойына қан жүгірді. Облыс орталығындағы тоқтап тұрған химия кәсіпорындары, Жаңатас қаласының фосфор өндірісі жұмыстары қалпына келтірілді. Өзге өнеркәсіптерде де оң өзгерістер орын алды. Талас ауданындағы Амангелді газы халықтың игілігіне берілді. Онда 193 шақырым газ құбыры тартылып, Амангелді газ кен орнында бірнеше газ ұңғымалары орнатылып, «көгілдір отынның» алауын жағу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қатысты. Алғашында 4 ұңғымадан тартылған көгілдір отын бүгінде 30 ұңғымадан халықтың игілігіне жол тартуда.
Азаматтың азаматтығы ауыр жағдайда танылатыны белгілі. Оның басшылығы тұсында ешкімнің ойы түгілі түсіне де кіріп шықпаған апатты оқиға орын алды. Т.Рысқұлов ауданында жер сілкініп, бір сәтте мыңдаған тұрғын үй-күйсіз қалды. Өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандар үйіндіге айналды. 2003 жылдың 23 мамырында болған сол апатты оқиғаның алғашқы сағаттарында-ақ әкім құландықтардың ортасынан табылды. Баспанасыз аңырап қалған ел-жұртқа басу айтып, ешкімнің далада қалмайтындығын айтты. Бұған тұрғындардың сене қоймағаны белгілі. Дегенмен, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен, бүкіл Қазақстан жұртшылығының қолдауымен, Серік Үмбетовің ұйымдастыруымен қирап қалған ауылдар қайта тұрғызылып, жүздеген үйлер қайта салынды. Қаңырап қалған көшелерге сән кірді.
Мұнан өзге ол облыс басшысы болып тұрған уақытта аудандарда жабылып қалған ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет мекемелерін қайта қалпына келтірді. Қалалар мен аудан, ауылдардағы қаңырап тұрған мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар адамдарға есігін айқара ашты. Сондай-ақ ол жазушылар мен журналистерді қолдап отырды. Облыстағы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшедеріне арнайы степендиялар тағайындап,олардың кітаптары облыстық бюджет қаржысы есебінен шығарылып тұрды.
Ұлттық құндылықтарға ден қойған оның арқасында Тараз қаласы мен аудан орталықтарында ақшаңқаз киіз үйлер бой көтеріп, ұлттық сусынымыз – қымыз бен шұбат халқымызға қайта оралды. Үмбетовтың бастаған игі дәтүрі бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді. Ол сондай-ақ ішімдіксіз той өткізуді де қолға алды. Сондықтан әкім жүрген жерде «ащы» су аулық болатын. Мұны басшының өзіндік өнегесі деп түсінуге болады.
Серік Әбікенұлы Үмбетовтың басшылығымен ЮНЕСКО көлемінде Тараздың 2000 жылдығы дүркіреп өтті. Өтпелі кезеңнің дағдарысы жылдары титықтаған Тараз тотыдай таранып шыға келді. Құрылыс жұмыстары қарқын алды. Орталық стадион, Жастар сарайы, «Баласағұн» орталық концерт залы, Ш.Уәлиханов атындағы орталық әмбебап кітапхана, «Дельфин» жүзу бассейні күрделі жөндеуден өтті. Көпқабатты 5 үй салынды. Облыс аумағынан бірнеше мектеп бой көтерді. Жолдар жөнделіп, орталық «Достық» алаңында Бәйдібек бабаға еңселі ескерткіш орнатылды.
Серік Үмбетов біздің облысты 5 жыл басқарғаннан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Алматы облысының әкімі, ҚР Президентінің іс басқарушысы қызметтерін абыроймен атқарды. Парламенті Мәжілісінің соңғы екі сайланымының депутаты болды.

Тегтер: әбікенұлыәкімЖамбыл облысысерікТаразүмбетов
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Сарысуда қоғамды сауықтыруға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды

Сарысуда қоғамды сауықтыруға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды

31.05.2025
Ербол Қарашөкеев дарынды оқушылармен кездесті

Ербол Қарашөкеев дарынды оқушылармен кездесті

31.05.2025
Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

30.05.2025
Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Байзақта алимент төлемеген азаматтың бас бостандығы шектелді

30.05.2025
Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

30.05.2025
Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

30.05.2025
Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

30.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты