• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысының әкімдері. Амалбек Тшанов

18.01.2017
0
Жамбыл облысының әкімдері. Амалбек Тшанов
706
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімдері туралы жазбаларымызды жалғастырудамыз. Бүгінгі мақала Амалбек Қозыбақұлы Тшанов жайлы болмақ.
Амалбек Тшанов.
1994 жылдың қазанынан 1998 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі болған Амалбек Тшанов Әулиеата өңіріне келгенге дейін біраз белесті артқа тастаған. 1943 жылдың 4 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданы, Қарасора ауылында дүниеге келген ол 1966 жылы Шымкент химия-технология институтын тәмамдаған. Сөйтіп алғашқы еңбек жолын қатардағы инженер ретінде бастаған. Одан кейінгі жылдары Шымкент қаласындағы химиялық тазалау фабрикасының бас инженері, Ленгір ауданы Абай атындағы калхоздың прорабы, Шардара су электр стансасында құрылыс шебері, Шардара құрылыс материалдары комбинатының бас технологы, Шардара селикат-бетон зауытының директоры, құрылыс тресінде бас технолог, бас инженер, 1985 жылғы «Оңтүстікқұрылысконструкция» тресінің басқарушысы болып бірқатар шаруашылық қызметтерін атқарған. Осындай қызметтерден кейін 1992 жылы Шымкент қаласының әкімі, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Құрылыс министрі қызметтерінде де болған. Ол осылайша Жамбыл облысының басшылғына үлкен шаруашылық және саяси қызмет белестерінен өтіп келген.
Саяси қайраткерлігімен Елбасының сенімді серігінің бірі болып кеткен Өмірбек Байгелдіден кейін Амалбек Тшановқа біздің өңірді бірден игеріп кету оңайға тимеген де болар. Осы орайда ол жамбылдықтардың несімен есінде қалды деген сауалға жауап беріп көрсек. Амалбек Тшанов табиғатынан табанды, ұтқыр ойлы, екпінімен елді ығатын батыл, алған бетінен қайтпайтын бастамашыл, қарамағындағыларды өзінің дегенімен жүргізетін тұлға ретінде қалды.
Жалпы Амалбек Тшанов өтпелі кезеңнің екпіні әлі басыла қоймаған уақытта облыс басшылығына келді. Мәселен, ол берген бір сұхбатында біздің аймақта қызмет еткен жылдарын «Сол тұста жарық пен газ болмады, өндіріс тоқтап тұрды. Май шаммен жұмыс істеген уақытты қалай естен шығарсың. Таңғы алтыда тұратынмын, жетіге дейін маңызды деген нысандарды аралайтынмын. Іс барысын өз көзіммен көргеннен кейін қарамағымдағылармен жұмыс кеңесін өткізетінмін, нақты тапсырмалар беретінмін» дейді. Сол қиын тұста басшылыққа келген ол туралы әңгімелер, аңызы мен ақиқаты көп айтылды. Мәселен, «Жүре тыңдаған басшыларды жүресінен түсіреді екен» деген әңгімелер оның қос қолының ауыр боксшы екендігінен хабардар етті. Дегемен, өзі туралы желдей ескен әңгімелер турасында шындық жауабын берген де болатын.
Облыстың тізгінін ұстаған 3 жылдан аса уақыт аралығында қиындықтарған қармастан Амалбек Қозыбақұлы аймақ тарихында өзінің қолтаңбасы мен ізін қалдыра білді. Ең есте қалардық оқиға – 1997 жылдың қаңтарында Жамбыл қаласына тарихи Тараз атауының қайтарылуы болды. Осы жылдың 8-шы қаңтарында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Жамбыл қаласына ежелгі Тараз атауын қайта беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл әрине Тшановтың облыс басшысы ретінде ықпалды жұмыстарының бірі. Сондай-ақ ол облыстың қалалары мен аудан, ауылдарында талдарды жаппай бұтап және терек көшеттерін отырғызу науқанын ұйымдастыруы халық арасында екі ұдай пікір туындатты. Оның үлкен тал бұтақтарын белуардан кестіруі бір көргенге оғаш көрінді. Дегенмен ол талдар келе-келе бүршік атып, қайта жапырақ жайып, әдемі қалыпқа түскенде анау айтқандай оғаш қылық емес екендігіне талайдың көзі жетті.
Сонымен қатар, оның тағы бір тірлігі – тарихи шаһардың ел жадында «Тшанов қақпасы» болып қалған батыс қақпа. Біздің өңірде 2015 жылы кең көлемде тойланған Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі қарсаңында оның жерлестері сол қақпаға жөндеу жұмыстарын жасап берген болатын. Мұнымен қоса Амалбек Тшанов әкім болып тұрған жылдары облыс орталығында Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалін дүркіретіп өткізіп берді. Осы тұста айта кетерлігі осы фестивалді Амалбек Қозыбақұлы Шымкент шаһарын басқарып тұрған кезде алғаш рет ұйымдастырған болатын.
Шыны керек, кадрдың халықтың сенімін ақтай алмауы оның кезінде де болмады емес болды. Дегенмен, әкім аппаратының басшысы қызметін атқарған өңірдің тумасы Серік Қонақбаевқа тапсырды. Ол сенімді абыроймен атқарған боксшы оғлан, бүгінде сыралғы саясаткерге айналды. Одан кейінгі жылдары Серік Қонақбаев ҚР Парламенті Мәжілісіне бірнеше рет депутат болып сайланды. Әлі де аттан түспей келеді. Сондай-ақ өндірісте жүрген жерінен аттай қалап шақырып алған Александр Георгиевич Савченко әуелгіде Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, сенімді ақтады. Ал ол одан кейін Сарыбай Қалмырзаевтың, Серік Үмбетовтің, Бөрібай Жексембиндердің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Амалбек Қозыбақұлының үлкен қолауымен «Тараз» футбол клубы 1996 жылы Ел чемпионы атанып, 1995 пен 1997 жылдары күміс жүлде иеленді. Сол кездегі әкімнің футболдағы деген көзқарасын осы жетістіктен көре аламыз.
Амалбек Қозыбақұлы Тшанов біздің аймақты басқарып кеткеннен кейінде елімізге қайраткерлік қарымымен, білім-білігімен жұмыс жасады. Бірнеше рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Бүгінде ол республикалық спорт колледжін басқаруда.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Министр Светлана Жақыпова Тоқаевқа есеп берді

Министр Светлана Жақыпова Тоқаевқа есеп берді

03.06.2025
Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

03.06.2025
13 қаңтар Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды

ҰБТ-ның барлық бейнежазбасы қазан айына дейін тексеріледі

03.06.2025
Қолдауға мұқтаж адамдардың жалақысынан 5,5 миллион теңге заңсыз ұсталған

Қайтарылған активтер бойынша 5 млрд теңгеден аса қаражат қайда жұмсалады?

03.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Түркияда ауыр жер сілкінісі болды

03.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты